iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Қазақ хандығына 550 жыл туралы слайд

Бұл мәлімет 3 214 рет қаралды

Слайд тақырыбы: Қазақ хандығына 550 жыл. Презентация 35 беттен тұрады. Қазақ хандығы бір-ақ күнде құрыла салған жоқ.Қазақ хандығын құру үшін көп күш салу керек болды. Әбілқайыр ханнан кетіп, Керей хан мен Жәнібектің артынан  ерген халықпен хиджраның 864 жылы Моғолстанға көшіп қоныс аударады. Осы кезден бастап, олардың соңына ілескен халық саны күннен — күнге санап толмады. Әбілқайыр хан өзінің қол астындағы халықты Жетісудың ба­тысына тоқтаған Керей хан мен Жәнібек ауылына қарай беттей бастайды. Осы оқиға туралы Мұхаммед Хайдар Дулати былайша баяндайды: «Әбілқайыр ханда алауыздық пайда болды. Әр адам мүмкіндіктеріне қарай қауіпсіз өмір сүруі үшін Керей хан мен Жәнібек хан­ның қол астында паналады. Олар осылай өздерінің күштерін нығайтқан болатын. Басында осылай елден қашып, тығылып жүргендіктен бұл халықты «қазақ» деп атады. Осы жаман есім қазақтарға осылай берілген болатын. Мұхаммед Хайдар Дуғлатидің «Та­рихи Рашиди» еңбегінде қазақтар атауы басында «өзбек-қазақ», кейіннен «қазақ» ретінде Жетісуға көшкен, Жәнібек хан мен Керей хан бастаған топ­тарды білдіру үшін қолданылған болатын.

Осы бір керемет күнді тойлау идеясын Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған болатын. 2014 жылы 31 желтоқсан айында «Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын 2015 жылы тойлау туралы» атты бұйрық шыққан болатын. Қазақ хандығына 550 жыл мерейтойы Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында тойланатын болады. Маңызды іс-шаралар қыркүйек айында Жамбыл облысы, Тараз қаласында өтеді деп жоспарланып отыр. Себебі хандықтың негізі осы Тараз қаласында қаланған болатын.

batton

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>