iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Қазақ халқының ән-күй өнері

Бұл мәлімет 1 654 рет қаралды

Қазақ халкының ән-күй өнері кыз ұзатудағы сыңсу, келін түсірудегі жар-жар мен беташар, сәби дүниеге келгендегі бесік жыры, шілдехана, өмірмен қоштасудағы жоқтау, той-томалақтар, жырмен көркемделген көңілді отырыстар, ұзак жолды қысқарту үшін ыңылдап ән айту мен суырып салма айтыстар қазақ өмірінің ежелден келе жатқан өшпес мәңгілік дәстүрі, поэтикасы. Қуанышта да, шабыттанғанда да ән айтылады. Ән құдіретімен көңіл серпіледі, не жұбатылады. Расында, Ахмет Жұбанов айтқандай: «Ән-күй десе қазақ ішкен асын жерге қояды».

Қай дәуірде болмасын қазақ халқы өлеңнің, әннің, тапқырлық және нақыл сөздің, мақал-мәтелдің, ұйқастырып шумақ құрудың шебері. Оған табиғат сұлулығы, ат жүйріктігі, аң аулаушылық, саятшылық, мысал бола алған. Батырлық және лирикалық жырлар, аңыздар, ертегілер айту әсіресе айтыстарға қатысу, осылардың бәрі қазақ халқының табиғатынан дарындылығын байкатады. Қазак жыршылары ұзақ сарынды байырғы ерлік және лирикалық поэмаларды жатка айтып, ұрпақтан ұрпакқа ауызша жеткізе білді.

Ән-күй өнерінің дамуы

Асан Қайғы, Бұхар жырау, Сыпыра жырау, Маңғыстау өңірінен шыққан Мұрын, Қашаған, Сәттіғұл және тағы басқа ірі-ірі тұлғалар талай жырларды өмірге әкелді. Біздің тақырыбымыз музыка өнерінің саңлақтары жайлы. Алдымен қазақтың музыкалық аспаптары туралы дерек берген жөн. Өйткені, олар ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан мәдени мұра. Ғалым Болат Шамғалиұлы Сарыбаев 1964 жылдан бастап қазақ музыка аспаптарын түбегейлі зерттеп шықты. Ол Қазакстанның, Моңғолияның аймақтарын шарлады, шебер О.Бейсебаевпен бірге көптеген ұмыт қалған музыкалық аспаптардың түрлерін жасап, жетілдірді. Болат Сарыбаевтың музыкалық аспаптар жинаудағы еңбегіне, шартарапты шарлап жинаған мұраларына қалайша таңкалмассың! Қазақ музыкасының, ән-күй өнерінің атасы деп VII -VIII ғасырларда өмір сүрген Қорқыт ата аталады. Оның ел ішінде сақталған «Қорқыт күйі, Қорқыт сарыны», «Қорқыт толғауы», «Арыстанбаб», «Тәңіркүй» және тағы да басқа шығармалары бар.

Ғұлама философ Әбу Насыр әл-Фараби музыкатанушы бола алды, өзі саз аспабында ойнаған, ән салған, сонымен қатар ән-күй шығарған. Оның «Музыканың ұлы кітабы» атты шығармасы музыка әрі физика мен математика туралы қағидаларын да камтиды. Ол музыканың тәжірибелік және теориялык негіздерін, музыка теориясын жаңадан қалыптастырды. Қылқобыз казақтың ыскылы, ішекті музыкалық аспабы болып есептелінеді. Қобыз туралы түп нұсқа деректер Қорқыт ата есімімен тығыз байланысты. Д.Тезекбаев қобыздың ішектерін екіден төртке дейін жеткізді. Қобыз-прима, қобыз-альт, қобыз-контрабас болып дамытылды.

Қорқыт атадан кейінгі белгілі қобызшы сазгер, кыл қобызда ойнаудың асқан шебері Ықылас Дүкенұлы 1843 жылы Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында туды. Әкесі Дүкен осы өнерге баулыған. Ықылас қобыздың дыбыс көлемін байытты, ырғағына ұтымды өзгерістер еңгізді. Оның күйлері — «Ықылас күй», «Қоңыр күй». «Кертолғау», «Ерден күй», «Жез киік», «Қамбар — Назым», «Аққу» жэне тағы басқалар. Ықыластың ұлы Түсіпбек те әке ізін жалғастырып, шебер қобызшы болған. Ыкыластың қобыз аспабында ойналатын күйлер мұрасын 20-ғасырға Дәулет Мықтыбаев пен Жаппас Қаламбаев жеткізген. Д. Мықтыбаевтың шеберлігін Ахмет Жұбанов «Ғасырлар пернесі» және Болат Сарыбаев «Қазақтың көне аспаптары» кітабында атаған. Жаппас Қаламбаевтың «Кер толғауы», «Жұман күй», «Қазақ маршы», «Еңбек маршы», «Амангелді маршы» және тағы да басқа ән, романс, күйлері бар. Осындай деректерді музыка зерттеушісі Пернебек Момынұлы «Қазақтың музыка тарихы» атты кітабында келтірген.

ХІХ-ХХ ғасырларда Біржансал Қожағұлов, Ақансері Қорамсаұлы, Мұхит Мералиев, Абай, Балуан Шолақ Баймурзин, Жаяу Мұса Байжанов, Мәди Бапиев, Ыбырай Сандыбаев, Қүлтума Сармұратов, Естай Беркімбаев, Әсет Найманбаев, Нартай Бекежанов, Кенен Әзірбаев, Әміре Қашаубаев, Қали Байжанов, Қасымжан Бабақов, Темірболат Арғынбаев, тағы да көптеген әнші-сазгерлер өмір сүрді.

Өз әндерін орындаған сазгерлер қатарына Ғаббас Айтбаев, Жарылғапберді Жұмабаев, Шашубай Қошқарбаев, Қалқа Жапсарбаев, Құдайберген Әлсейітов, Сәтмағанбет Ахметов, Мария Рекина да (халық оны Мариям Жагорқызы деп атайды) қосылады. Асқақ әншілер қатарында Әміре Қашаубаев, Күләш Байсейітова, Құрманбек Жандарбеков, Қанабек Байсейітов, Елубай Өмірзақов, Қалыбек Қуанышбаев, Манарбек Ержанов, Ғарифолла Құрманғалиев, Жүсіпбек Елебеков, Мәжит Шалқаров, Ілияс Шәймерденов, Нұғыман Әбішев, Жүсіп Сейілов, Рахия Қойшыбаева, Жамал Омарова, Байғали Досымжанов, Әнуар Үмбетбаев, Кәукен Кенжетаев, Шабал Бейсекова, Рабиға Есімжанова, Мәжит Шалқаров, Тамты Ибрагимова, Нағима Әбілова есімдерін атау керек. Бишілердің ең басында Шара Жиенқұлова, Нұрсұлу Тапалова, Сара Көшербаева тұрары сөзсіз.

Қазактың классикалық домбырашылары, композиторлары

А.В. Затаевич қыруар еңбек атқарып, қазақтың әр аймактарын аралап, «Қазақ халкының 1000 әні» және «Қазақ халқының 500 ән мен күнін» жинады. Кейбірін нотаға түсірді. «Менің кымбатты жігіттерім, бұл ашаршылық, суық жылдарда және жұқпалы аурулар кезінде сіздермен бірге жинаған еңбекті өздеріңе қайтарып отырмын. Сіздер білесіздер, тамаша халық әндеріңізді тек қапамен жинап қойған жокпын, сіздердің тікелей қатысуларыңызбен, ұлттық жетістіктердің ұмытылмауы және бұзылмауы үшін оларды жинадым», — деп А.В. Затаевич жазғанды. Одан кейін әлі де қағаз бетіне түспеген әндер мен күйлер аз еместі. Оларды нотаға түсіру қажет еді. Міне, осы игілікті істі, қыруар сңбекті терең ізденіспен академик Ахмет Жұбанов іске асырды. Қазактың классикалық домбырашылары, композиторлары Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина Нұрпейісова, Тәттімбет, Қазанғап, Байсерке, Абыл, Ықылас шығармашылықтарын түбегейлі зерттеді. Ол «Ғасырлар пернесі» атты монографиясында: «Кең даланы мекен еткен қазақ жұртының ең аяулы да қасиетті музыкалық аспабы — домбыраның бірде күмбірлеген, бірде тыңқ-тыңқ шертілген ойлы дыбысы құлаққа жағымды, жүрекке жақын, оның күмістей сыңғырлаған үні талай сырдың басын қайырады», — деп жазды.

Академик Ахмет Жұбанов Қазақтың мемлекеттік Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптары оркестрінің негізін құрды, күйшілердің және сазгерлердің шығармашылығын, өмір-баянын ұзақ жылдар зерттеді, осы бағытта «Құрманғазы» және «Ғасырлар пернесі» кітаптары жарык көрді; «Замана бұл — бұлдары» атты монографиясында қазақтың әнші-композиторларының, әтиі-орындаушыларының өмірбаянын, шығармаларын, орындаушылық шеберлігін кеңінен танытты; Құрманғазы атындагы Қазақ ұлттық консерваториясының ұзақ жылдар бойы басшысы болды, көптеген шәкірттерді канаттандырды; Қаныш Сәтбаевпен бірігіп, Қазақтың Ұлттык ғылым академиясын құрушыларының бірі болды. Оған Қазақстан Республикасының халық әртісі атағы берілді.
Д.Кабалевский: «Жұбанов — олицотворение того удивительного по стремительности роста казахской музыкальной культуры, вызывает справедливое удивление и конечно огромное восхищение».

И.Қ. Қарақұлов: «Ахмет Жұбанов алдында кімге шынайы, тұнық қазақ мәдениеті, оның музыкалық бөлігі қымбат болса, сол таңқалмақ». З.С. Қедрина: «Если Мухтар Ауэзов в дни моей молодости, в начале 30-х годов, открыл для меня увлекательный мир казахской культуры, поэзии, народного эпоса, современных писаний казахских советских писателей, то Ахмет Жубанов расширил этот мир, раскрыв передо мной глубины казахской народной музыки». Н.Г. Жиганов: «Трудно представить культуру казахского народа без имени талантливого ученого А. Жубанова», — деп бағалады.

Қазақ елінің музыка өнерін ғылыми тұрғыда зерттелуі

Алматының музыкалык-драмалық техникумы жанынан 1933 жылдың 22 сәуірінде ғылыми-зерттеу және музыкалық тәжірибе шеберханасы ұйымдастырылды. Оны басқару Ахмет Жұбановқа тапсырылды. Бұл жұмыстарға Евгений Брусиловский, домбырашылар Махамбет Бөкейханов, Лұкпан Мұхитов музыка аспаптарының шебері ағайынды Романенколар тартылды.

Көптеген ән-күйлерді Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Махамбет Бөкейханов, Лұқпан Мұхитов және Манарбек Ержановтардың орындауымен жазылып алынды. Ахмет Жұбанов Құрманғазының, Дәулеткерейдің, Абылдың, Тәттімбеттің, Қазанғаптың, Ықыластың, Сармалайдың және Сейтектің күйлерін таспаға түсірді. Өнердің шалқыған айдынына Дина Нұрпейісова, Махамбет Бөкейханов, Лұқпан Мұхитов, Науша Бөкейханов, Қали Жантілеуов, Меңдіғали Сүлейменов, Әбікен Хасенов, Смағұл Көшекбаев, Жаппас Қаламбаев, Мұрат Өскенбаев, Дәулет Мықтыбаев және көптеген өнерпаздар шықты.

«Қазақ оркестрінің тууы 30 жылдардың басына келіп тіреледі», -деп музыка зерттеушісі Бисенғали Ғизатов жазды. Бастапқыда ансамбль құрамында он жеті адам өнер көрсетті. Бұл ансамбль казақтың ұлттык оркестрінің негізін қалады. Оның жетістігі 1934 жылы халық өнері қайраткерлерінің жалпы қазақстандық байқауында коғамдық танымалдыкқа ие болды. 1934 жылдың тамыз айында оркестрді ұйымдастырудағы еңбек жемісті аяқталды. Оркестрдің алғашқы дирижерлігін Ахмет Жұбановтың өзі атқарды. Бұл оркестр 1935 жылдың жазында Қазақстан облыстарына өнерлерін көрсетуге аттанды. 1936 жылдың 25 мамырында Мәскеудің Үлкен театрында Ахмет Жұбановтың басқаруымен Құрманғазының «Сарыарка», «Адай», «Серпер», «Балбырауын», «Көбік шашқан», Дәулеткерейдің «Қосалқа», халык әні «Қызыл бидай» орындалды. Сонда «Правда» газеті: «Позавчера вечером мы были в степи. Вдали синели снежные горы. Спокойная, как песня, струилась река. Был праздник», — деп жазды. Оған қоса «Известия» газеті де Қазакстан әртістерінің, соның ішінде халық аспаптары оркестр ұжымының үлкен жетістігін орын-ды атап өтті.

1938 жылдан бастап А.Қ. Жұбановтың шығармашылықпен айналысуына байланысты әр кездерде оркестрді Латиф Хамиди, Мәлік Жаппасбаев, Шамғон Қажығалиев басқарды. 1933 жылы Алматыда музыкалық студия, ал 1934 жылы музыкалық театр құрылды. 1937 жылдан бастап музыкалық театр Қазақ опера және балет театры деп аталды. Оған 1941 жылы академиялық мәртебе, 1945 жылы Абай есімі берілді. Осы жылы театрда Е.Брусиловскийдің халык музыкасы негізінде жазылған тұңғыш ұлттық операсы «Қыз Жібек» қойылды. Оған ілесе композитордың «Жалбыр» (1935 ж.) және «Ер Тарғын» опералары сахналанып, үлкен жетістікке ие болды. Бұдан кейін Мүхтар Әуезов Қазақ мемлекеттік академиялық драма театр сахнасында А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай», «Төлеген Тоқтаров», М.Төлебаевтың «Біржан сал», Н.Тілендиевтің «Алтын таулар», С.Мүхамеджановтың «Айсұлу», Е.Рахмадиевтің «Қамар сұлу», «Дала шұғыласы», «Алпамыс», сонымен қатар, жержүзінің классикалық көптеген опералары қойылды.

Қазақстанның кәсіби балет өнері XX ғасырдың 30-жылдарында қалыптасты. 1934 жылы музыкалық студияда М.Арцбишеваның жетекшілігімен балет группасының шымылдығы түрілді. 1935 жылы Қазақ музыка театры құрылғанда оның жанынан балет бөлімшесі бағдарламасына классикалық би сабақтары енгізілді. Осы тұрғыда Ш.Жиенқұлова, Н.Тапалова, Қ.Қарабалинова, Х.Байзақов және басқалар кәсіби бишілер қатарына кірді. 1938 жылдың 24 маусымында тұңғыш ұлттық туынды З.Великановтың «Қалқаман — Мамыр» балетінің тұсауы кесілді. Балеттің либреттасын Мұхтар Әуезов жазды, қойылымның балетмейстері Л.Жуков, суретшісі О.Таңсықбаев.
40-жылдарда Алматы опера жэне балет театры қабырғасында классикалық балеттер — «Аққу көлі», «Коппелия», «Шопениана», «Жизель» игерілді және В.Великановтың «Қамбар — Назым» балеті қойылды.

Дәурен Әбіров Алматы хореография училищесінде, Мәскеу театр өнер институтында білім алған қазақтың тұңғыш балетмейстері. Ол Қазақстан хореографиясының қалыптасуына үлкен үлес қосты. 50 жылдардың ішінде М.И. Чулакидің «Жастық», Ч.Пунви, Р.М. Глиэр мен С.Василенконың «Эсмеральда», Ф.З. Ярулиннің «Шурале», Н.Тілендиев, Л.Б. Степанов пен Е.М. Манаевтың «Достық жолымен» және тағы да басқа балеттер сахнада қойылды. Ғазиза Жұбанова мен Зәуірбек Райбаев бірлескен «Ақ кұс», Евгений Брусиловскийдің «Қозы Көрпеш — Баян сұлу», А.Аданның «Жизель», Б.В. Асафьевтің «Бақшасарай хауызы» балеттері жетістіктерге жетті. Қазақ өнерінде дарынды композитор Ғазиза Ахметқызы Жұбанованың «Хиросима» операсын жұртшылық аса жоғары бағалады.

Симфониялық жанрда В.В. Великановтың «Қазақ симфониясы», Е.Брусиловскийдің бірнеше симфониясы, С.Мүхамеджановтың «Ғасырлар үні» ораториясы, М.Төлебаевтың «Жастық» сюиталары, Ғ.Жұбанованың «Жігер», «Дала қызы», «Жалғыз емен» шығармалары музыка мәдениетінің биік жетістіктері. Б.Байқадамов, Н.Тілендиев, С.Керімбаев, Ш.Қалдаяков, Ә.Есбаев, Ә.Бейсеуов және тағы басқа композиторлардың әндері көпшіліктің қалаулыларына айналды.

Қазақ ұлттық өнер академиясы

Қазақстан композиторлар одағының, әрбір облыстарымыздың орталығында филармониялардың, Алматыда «Қазақ концерт» бірлестігінің, «Гүлдер» ән-би ансамблінің, Қазақстанның мемлекеттік вокалды-хореографиялық ансамблінің, Қазақстан хор капелласының, Қазақстанның үрмелі оркестрінің, Қазақ радиосы хорының, сондай-ақ музыкалық оқу орындарының Алматыда және облыстар мен кейбір аудан орталықтарында дарынды балаларға арналған музыкалық мектептердің (училищелер, колледждер), Алматы хореографиялык училищесінің, Т.Жүргенев атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының, ұйғыр және корей музыкалық-драма театрларының қүрылуы, Астанада Қазақ ұлттық музыка академиясының, Ж. Елебеков атындағы эстрада-цирк училищесінің қүрылулары — Қазақ топырағында музыка өнерінің өркениетті дамуына тікелей пэрменді ықпал етті. Музыка туындыларын орындайтын ұжымдар мен өнерпаздардың шығармашылықжолымен Республика қауымын кеңінен таныстыруда, насихаттауда Қазақ радио және телевизия арналары зор әсерін тигізді, эрі қарай бүл бағыт орлей түсуде.

Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі биылғы жылдың 1-тоқсанында халқымыздың мақтанышы, сарқылмас мәдени коры болып бағаланатын 1000 күйлерден түратын үнтаспаны жарыкка шығарды. Мұны мәдени мүрамызды мәңгі сактаудағы мақсат еткен үлкен үрдіс деп танимыз. Бұл құнды істі ҚР Мәдениет министрі Мұхтар Құлмұхамед басқарды. Осы бағытта Біржан сал, Мұхит, Ақан сері, Үкілі Ыбырай әндерін белгілі әншілердің орындауында, оларға қоса Кенен Әзірбаев, Әміре Қашаубаев, Күләш Байсейітова, Манарбек Ержанов, Ғарифолла Құрманғалиев, Байғали Досымжанов және тағы да басқа дүние салған әнші тарландарымыздың ұнтаспаларын шығару игілікті іс болар еді.

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>