iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Қазақ эстетикасы

Бұл мәлімет 493 рет қаралды

Қазақ халқының эстетикасы. Қазақ халқының эстетикалық мәдениеті. Көшпелі қазақ қоғамының эстетикасы сырт келбетінде, олардың қарым-қатынастарында, киімінде, үйінде, олар жасап шығаратын заттарда, олардың сөйлеу тілі мен өнер туындыларында — олардың эстетикалық мәдениетінін ерекшеліктері, негіздері көрініс табады. Ұлттардың тарихи тағдыры экономикалық және әлеуметтік-саяси қатынастардың даму деңгейі мен сипаттамасы, географиялық және басқа да жағдайларға байланысты әртүрлі қалыптасады. Міне, сондықтан әр халық өз ерекшеліктеріне ие және соған байланысты әлемдік мәдениеттің алтын қазынасына барынша үлес қосады. Алға қарай сенімді қадам басу үшін кешегі ұрпақтардың нәтижелі тәжірибесін жақсы білу әрі дұрыс пайдалану қажет. Тағы бір маңызды мәселеге эстетикалық ойлар, талғамдар мен түсініктердің қалай қалыптасып, қалай таратылатынына зер салып ұғыну жатады. Бұл еңбектің мазмұнын қазақ халқының эстетикалық мәдениетінің қалыптасуы мәселелері құрайды. Шың болмысты эстетикалық бейнелеу қабілеті қай халықтың болса да дамуының ең алғашқы сатыларында пайда болады, онын дәлеліне өткен мәдениеттің құндылықтарын зерттейтін тарих, археология, этнография ғылымдарының көптеген мәліметтері жатады. Қазіргі заман халықтарының эстетикалық мәдениеті өз құрамына кешегі ұрпақтың көркем шығармашылығында жинақталған Қазақ эстетикасы сезімдер мен түсініктерді қамтиды.  Басқа да халықтар сияқты, қазақ халқының да бай тарихы бар. Қазақ өнерінің эстетикасы тамыры тереңде. Ол халықтың рухани шығармашылығының құнды нәтижелерін қамтиды және бұл жағдай бүгінгі ұрпақты кешегі ата-баба мәдениетімен жалғастырады. Адамзаттың рухани мәдениетінің шексіз сан түрлілігінен қазіргі заманның ешбір адамы оқшаулана алмайды. Сондықтан салт-дәстүр — өткен уақыттың ізі. құндылығы. Өнер туындыларына деген кызығушылықты арттыру және олардың шынайы құндылығын айқындау үшін, әрбір ұрпақ өзінің әлеуметтік-тарихи кең мәтініне енгізеді. Адамның қоршаған әлемге деген эстетикалық қатынасы оның өміршең практикалық қажеттіліктері қанағаттандырылған кезде пайда болады. Қоршаған табиғатты игеру үдерісінде адамдар түске, дыбысқа және т.б. немқұрайды қараған жоқ. Мысалы. музыканың пайда болуынын басты негізі адамның сөйлеуімен қатар дауысқа еліктеушілік те болды. Қазақ халқының өнері дегеніміз табиғатқа, ғарышқа және адамдардын іс-әрекетіне еліктеу болып табылады деген ойды, музыканы «сфералар үйлесімділігіне» еліктеу деп таныған. пифагоршылар айтқан болатын. Демокриттің пікірі бойынша, барлық өнер түрлері мен қолөнер кәсібі жануарлардын іс-әрекетіне еліктеу болып табылады: ән салуда біз құстарға еліктейміз, үй салуда — қарлығаштарға және т.с.с. Алғашқы қауым өнерінің тарихындағы ең маңыздысы, ол өзінің алғашқы қадамынан бастап, қоршаған әлемді дәлдікпен, шынайы жеткізуі болып табылады. Мысалы, жоғарғы палеолит өнері, оның ең жақсы үлгілерін алғанда, табиғатқа деген таңғаларлық белгілерді дәлдікпен жеткізуімен ерекшеленеді. Көшпелі халықтар мәдениетіне қатысты Қазан төнкерісіне дейінгі орыс әдебиетінде әртүрлі ғылыми пікірлер айтытлы.

Кейбір авторлар, мысалы. Д. Хвольсон. В. Васильев. В.Д. Тропов және тағы да басқалары, көшпелілерді жасампаздыкқа емес, тек қиратуға ғана қабілетті деп санап, көшпелі халықтарда қандай да бір мәдениеттің болуын мүлде мойындамады. А. Левшнн. Г. Ядринцев. О.И. Сенковский. Н.Васильев. В.В.Григорьев. Н. Остроумов және басқа ғалымдар әртүрлі көзқарасты ұстанады. Алайда аталған екінші топтың ішінде тек прогрессивті ойлаушы зиялылар ғана емес. В.В. Григорьев сияқты, мемлекеттік шенеуніктер және мақсаты христиан діні негізінде орыс мәдениетін тарату болған адамдар да (Н. Ильминскнй. Н. Остроумов) болған, олар адал ниетті ғалымдар болғысы келгенімен, көшпелі халықтардың белгілі бір артта қалушылығын олардың туа біткен табиғи касиеттерімен түсіндіруге тырысты. Мысалы. Н. Остроумов: «Орталық Азия көшпелілері, тарихи себептердің салдарынан алғашкы қауымдық дерлік жағдайда қалып отыр… Ежелгі халықтар тарихы, олардың көбісі өз өмірлерінің алғашқы даму кезеңінде ақыл-ой мен өнегеліктің дамуы бойынша төменгі сатыда тұрғандығын, бірақ ақырында ағартушылық пен мәдениеттін жоғары сатысына жеткендігін дәлелдейді» деп жазды. Шығыс тарихына терең қызығушылық танытқан, профессор В.В. Григорьев. көшпелі халықтардың жалпы дамуындағы басқа халықтардан артта қалуын тарихи себептермен түсіндірумен шектелмей, ерекше назар аударарлық пікірлер айтты. «Көшпелі Қазақ эстетикасы тұрмысты әдетте қандай да бір экономикалық немесе едәуір интеллектуалдық дамумен сыйыспайды деп есептейді, бірақ бұл солай бола қоюы негізді ме екен. Ойдың жаттығуы үшін екі жағдайдың қажеттілігі шүбәсіз: бос уақыт және қарым-қатынаста болу, көшпелі, егіншіге қарағанда, осында қолайлырақ жағдайда тұрады… көшпелі қиялдау, жігерлілік пен ақындық шығармашылыққа қатысты барлық жерде басқалардан анағұрлым асып түседі: суырып салып айту — далада тіптен кәдімгі көрініс… қолөнер кәсібі: былғары, тері илеу, токарлық, темір соғу және басқалары әдетте отырықшы ауыл тұрғындарында көретінімізбен бірдей немесе одан да жоғары сатыда болады. Сөйтіп, тіпті таза қазақ көшпелілерде де, оларға әдетте білмей берілетін, азаматтық пен мәдениеттіліктің айтарлықтай төменгі сатысында орналаспағандығы танылады», — деп қорытады профессор В.В. Григорьев. Әйтсе де, көшпелі қазақ эстетикасы халықтардың тұрмысы мен рухани өмірін зерттеу барысында Қазан төңкерісіне дейін орыс және кейбір батыс еуропалық ғалымдар талай әрекет жасаса да. бірақ көбісі мәлімсіз қалды, басқалары оларға жаңылыс түсінілді, олардың Азия халықтары туралы айтқандарындағы қайшылықтары, шамасы, осымен түсіндіріледі, Реакцияшыл ғалымдар, тарихи шындықты бұрмалауға алып келетін жалған негіздерді әдейі біле тұра басшылыққа алды. Көшпелі қазақ эстетикасы халықтардың рухани өмірін шынтуайттап ашу үшін, алдымен мақсаты христиан діні негізінде орыс мәдениетін тарату болған адамдар да (Н. Ильминскнй. Н. Остроумов) болған, олар адал ниетті ғалымдар болғысы келгенімен, көшпелі халықтардың белгілі бір артта қалушылығын олардың туа біткен табиғи касиеттерімен түсіндіруге тырысты.

Мысалы. Н. Остроумов: «Орталық Азия көшпелілері, тарихи себептердің салдарынан алғашкы қауымдық дерлік жағдайда қалып отыр… Ежелгі халықтар тарихы, олардың көбісі өз өмірлерінің алғашқы даму кезеңінде ақыл-ой мен өнегеліктің дамуы бойынша төменгі сатыда тұрғандығын, бірақ ақырында ағартушылық пен мәдениеттін жоғары сатысына жеткендігін дәлелдейді» деп жазды. Шығыс тарихына терең қызығушылық танытқан, профессор В.В. Григорьев. көшпелі халықтардың жалпы дамуындағы басқа халықтардан артта қалуын тарихи себептермен түсіндірумен шектелмей, ерекше назар аударарлық пікірлер айтты. «Қазақ халық Көшпелі тұрмысты әдетте қандай да бір экономикалық немесе едәуір интеллектуалдық дамумен сыйыспайды деп есептейді, бірақ бұл солай бола қоюы негізді ме екен. Ойдың жаттығуы үшін екі жағдайдың қажеттілігі шүбәсіз: бос уақыт және қарым-қатынаста болу, көшпелі қазақ, егіншіге қарағанда, осында қолайлырақ жағдайда тұрады… көшпелі қиялдау, жігерлілік пен ақындық шығармашылыққа қатысты барлық жерде басқалардан анағұрлым асып түседі: суырып салып айту — далада тіптен кәдімгі көрініс… қолөнер кәсібі: былғары, тері илеу, токарлық, темір соғу және басқалары әдетте отырықшы ауыл тұрғындарында көретінімізбен бірдей немесе одан да жоғары сатыда болады. Сөйтіп. тіпті таза қазақ көшпелілерде де, оларға әдетте білмей берілетін, азаматтық пен мәдениеттіліктің айтарлықтай төменгі сатысында орналаспағандығы танылады», — деп қорытады профессор В.В. Григорьев. Әйтсе де, көшпелі халықтардың тұрмысы мен рухани өмірін зерттеу барысында Қазан төңкерісіне дейін орыс және кейбір батыс еуропалық ғалымдар талай әрекет жасаса да. бірақ көбісі мәлімсіз қалды, басқалары оларға жаңылыс түсінілді, олардың Азия халықтары туралы айтқандарындағы қайшылықтары, шамасы, осымен түсіндіріледі, Реакцияшыл ғалымдар, тарихи шындықты бұрмалауға алып келетін жалған негіздерді әдейі біле тұра басшылыққа алды. Қазақ эстетикасы Көшпелі халықтардың рухани өмірін шынтуайттап ашу үшін, алдымен мәдениет жемісі болып табылатын, олардың экономикалық, тұрмыстық жағдайларын зерттеу қажет. Жалпы көшпелі қазақ халықтарда, сонын ішінде қазақ халқында, өзінің көпғасырлық тәжірибесі, болмыс туралы өз мағлұматы, әсемдікке деген және т.б. өз көзқарастары бар. Кейбір қазақ авторлар тарих, археология, этнография және әдебиет пен өнер тарихының аса бай мәліметтерімен таныстығы жеткіліксіздігінен ғана көшпелілердің рухани мәдениетінің маңыздылығын төмендетеді. Әйтсе де, бұл халықтардың рухани өмірінің ерте кездегі даму сатысы әлі толық зерттелмеген. Соңғы онжылдықта ғалымдар өз назарын Орта Азия мен Қазақстан тарихының феодалдыққа дейінгі кезеңіне аударды. «Эллинистік Шығыс» пен Иранның көркем шет аймағы ретінде көрсетілген көне Түркістан туралы қалыптасқан көзқарасты күрт өзгертетін, өнер мен мәдениеттің тамаша ескерткіштері ашылды. Бұл жаңалықтар, бізге, Орта Азия мен Қазақстан халықтарында алғашқы қауымдық қоғам сатысында көркем шығармашылықтын дамуын мойындамайтын кейбір қазіргі заман ғалымдарының пікірлерімен келісуге мүмкіндік бермейді, өйткені әлдеқашан өткен жылдардағы рухани даму іздерін жасыру да жою да мүмкін емес. Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазССР ҒА Геологиялық ғылымдар институтынын палеолиттік отрядының 1965 жылы ашқан осындай бір жаңалығы туралы, тарихшылар Р.Б. Сүлейменов пен Х.И. Бисенов баяндайды. Отряд Балқаш маңының неолит және ертедегі аттылы көшпелілер дәуір адамының суреттерін тапты. «Бұл суреттерде табиғат, алғашқы адамдарды қоршаған орта туралы анималнстік түсініктер ғана емес, сонымен катар олардың аңыздарының, салт-жораларының, отбасылық әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерінің мазмұны да көркем образдарда өз көріністерін тапқан». Біз осындай айғақтарды Қазақстанның ірі ғалымдары -А.Х. Кушаев. А.М. Оразбаевтардың тыңғылықты зерттеулерінен де табамыз. Міне жарты ғасырдан аса уақыт ғалымдарды Орта Азия мен Қазақ эстетикасы жерін мекендеген көшпелі халыктардың тіршілік кешкен едәуір жоғары әрі өзгеше мәдениеті қызықтырады.

Археологтар мен этнографтар, өз кезінде көшпелі халықтар жасаған, осы уақытқа дейін белгісіз болып келген мәдениет ескерткіштерін ашты. Олардың ішінде — орта азиялық өнердің тамаша мұражайы — Түркістан каласындағы Иасауи   мешітінде   сакталған,   темір   дәуірінің   коладан   жасалған   керемет бұйымдары (казан, шам қойғыш шамдалдар).

Қазақ эстетикасы көркем шығармашылығы қашан және калай пайда болды деген сұраққа нақты жауап беру қиын. Алайда төнкеріске дейінгі Орта Азия мен Қазақстанның материалдық және рухани мәдениетінің тарихи деректерін талдау Шығыс халықтарының өнеріндегі дербестік элементтерін ашуға мүмкіндік береді. Түрлі ғылыми зерттеу еңбектері бізге. Орта Азия мен Қазақстан халықтарының, олардың ертедегі ата-бабалары негізін салған, өзгеше өнері бар екендігіне сендіруге негіз береді. Бұл қорытынды қазақ ғалымдарының ежелгі түркі тайпаларынын фольклор үлгілерін, түркі жазуларының ескерткіштерін және бірқатар басқа деректерді ғылыми зерттеу ізденістері мүмкіндік береді.

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>