hello_html

Қазақ билері туралы слайд

Слайд «Қазақ билері», билердің кеңестері, үш бидің қысқаша өмірбаяны туралы. Презентация жалпы қазақтардағы би түсінігін ашуға тырысады. Жалпы 14-15 ғасырларда «би» сөзі «басқарушы», «ел билеуші» деген мағыналарды берген. Сол заманда билер хандар мен сұлтандардың билігін шектей алатын. «Жетіжарғы» заңдар жинағын қабылдаған қазақ билері сот төрелігін де іске асырған. Билер тарихи жағдайға байланысты заңдарды қайта қарап, оған өзгеріс енгізіп отырған. Тіпті кей жағдайда ел билеуші ханның ішкі және сыртқы саясатына, әскери істеріне де ықпал жасай алатын. Мемлекеттер арасындағы елші ретінде де танылған. Отанды жаудан қорғауда билер батырлармен қатар қол бастаған. Өзіне қарасты ру-тайпадан жасақ құрып, қолбасшылық та еткен. Би атағы мұрагерлік салтпен берілмеген. Шешендік өнер — қазақ билерінің ең басты ерекше қасиеті десек те болады. Шешендік өнерді меңгермей «би» деген атаққа қол жеткізу мүмкін емес болған. Халықтың бірлігі мен тірлігін ойлаған қазақ билерінің тарихтағы алатын орны өте ерекше. Слайд жүктеу үшін соңына қарай өтіңіз…

Қазақ билері туралы

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.