iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Қазақ ағартушылары

Бұл мәлімет 1 579 рет қаралды

Жаңа дәуірде Қазақ Ағартушылық феномені пайда болғаны белгілі. Онда рационалистік парадигма үстемдік етеді, адамзат ғылым мен білім ұстанымын бірінші қатарға қояды. Бұндай жалпыға бірдей тәртіптен Қазақстан да тыс қалмады. Дегенмен де, Еуропа және Ресеймен салыстырғанда Ағартушылық феноменінің себептері мен қызметтері бізде басқаша болды. Батыстағы аграрлық өркениеттің дағдарысы жас әрі қайсарлы буржуазия мен оның идеялық жетекшілерінің өздерінің әрекеттерінің ортағасырлық қоғам қағидаларымен сай келмейтіндігін тез арада жеңу идеясымен шартталатын болса, Қазақстанда бұл үрдіс Ресейге қосылудың салдарымен байланысты болды. Сондықтан да ағартушылыққа тән әлеуметтік-саяси құрылыстың жаңару қажеттілігін бейнелеуді, қазақ ағартушылығы өзіндік түрде білдіреді. Ол Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығын нығайтуға шақыру түрінде, сөйтіп, қазақ қоғамының Ресейдің батысқа жақындау мәдениетін қабылдау ретінде көрінді. Қазақстанда ағартушылар қазақ халқының ортасына еуропалық, соның ішіңде, орыс өркениетінің енуіне негіз дайындады. Батыстағы ағартушылардың күресіне қарағанда қазақ ағартушыларының сауатсыздыққа қарсы күресі, қоғамда ғылым-білім тарату үшін жүргізген күресі, әділеттіліктің бекітілуі үшін күресі, отаршылдыққа, азиялық деспотизмге қарсы күресі, егемендік үшін күресі басқа мақсаттарды көздеп, басқа нәтижелерге алып келді. Қазақстанда ағартушылар күрескен кемел қоғамдық құрылым. Айталғандардың барлығы қазақ ағартушыларының қазақтардың Ресей бодандығына қарсы жүйелі ойластырылған күресі барысында халықтың ғасырлық үміті мен еркіндік пен бақыт туралы армандарының бейнесі болып табылатын халық мүддесіне сүйенгендігін сенімді куәландырады. Халықтың сауатсыздығы мен қорғалақтығы, оның күштерінің бытыраңқылығы, ұйымшылдықтың болмауы және енжарлығы ағартушылардың «жоғары» жаққа, яғни Ресей үкіметіне мойынұсынуына мәжбүр етті. Бұл олардың либералдық қиялдарынан шыққан жоқ олардың қалыптасқан жағдайды жақсы, дұрыс бағалап, парасатты және шынайы жолдар арқылы күрделі саяси мәселені шешу керектігімен шартталды.

XIX ғасырдың ортасыңдағы Қазақстан жағдайында халықты отарлық қанаудан босатып және қоғамның саяси жүйесін түбегейлі өзгертуте мүмкіндігі бар қоғамдық күштердің болмауы,  ағартушылардың халық ауыртпалығын жеңілдету үшін дамыған Ресейдің көмегіне сүйену ынталары тарихи тұрғыдан ақталған әрекет еді. Демек, қазақ ағартушыларының пікірі бойынша, барлық мәселе қазақтардың қоғамдық прогреске икемі бар ма әлде жоқ па дегенде емес, сол прогреске жетудің дұрыс жолдарын табуда. Осы сұраққа тынымсыз жауап іздеу оларды артта қалған халық өздерінің дамуы үшін және барлық адамзаттың дамуы үшін, дамыған халықтардың мәдениетінен үлгі алу керек деген қорытындыға алып келді. Қазақстанда қалыптасқан сол кездегі нақты тарихи жағдайда ағартушылар алдыңғы қатарлы орыс ғылымы мен мәдениетін игеруге және сол арқылы әлемдік өркениеттің таусылмас байлығына жол табуға табанды түрде шақырды.

XIX ғасырдың ортасында Қазақстанда қалыптасқан нақтылы-тарихи жағдайда патшалық самодержавиенің жағымсыз жақтары оның ұлтты отарлау саясатында, жергілікті жерлердегі патша әкімішлігінің реакцияшыл өкілдерінің тонаушылық әрекеттерінен көрініс тапты. Қазақстанға тереңдей кіруді іске асыра отырып, царизм оның территориясында өзінің шекараларын бекіте түсті. Царизм қазақ халқының өмірі мен тұрмысының жақсаруы үшін және оның қоғамдық прогреске қол жеткізуі үшін қам жеген жоқ. Керісінше, отаршылдық тонау мен өзінің Шығыстағы саяси беделін бекіту мақсатында, царизм қазақтардың орыс бодандығына кіруін өз мүдделері үшін пайдалануға тырысты. Патшаның далаға жіберген жоғарғы дәрежедегі шенеуніктері қазақтың қоғамдық өмірінің дамуын қолдан тоқтауға тырысты, қазақ халқының орыстармен достауына кедергі жасап, қазақтардың бұрынғы сауатсыздығын және артта қалуын сол күйінде сақтап қалғысы келді.

Ағартушылық дәуірдегі болашақ қоғамдық құрылыс мәселесіне байланысты қазақ ойшылдарының мұраты батыс ағартушыларының өкілдерінің мұратымен сай келмеді. Батыс ағартушылары өздерінің сенімдеріне қарамастан өз қоғамының сұранысына жауап беретін нарықтық кұрылысты объективті идеализацияласа, қазақ ағартушылары қоғамның барлық мүшелері сауаттандырылған, толық еркіндік пен әділдік және адамдардың өз елінің саяси өміріне толық араласуын қамтамасыз еткен, білімге негізделген егемен тәртіп орнату үшін күресті.

Әрине, зерттеу барысында диалектикалық терістеу әдісін қолдана отырып, әлеуметтік құбылыстарды талдаудан өткізсеқ онда тарихтағы оң мағынадағы оқиғаларды, үрдістерді де бағалай білуімізге болады. Енді ХVIII-XIX ғасырлардағы қазақ елі мен Ресей империясы арасындағы қатынастар әлеуметтік дүниеде басқа қаншама мүмкіндіктер болса да (Қытаймен, жоңғарлармен, Қоқан хандығымен, ағылшындармен) қазақ жері Ресей империясының құрамына енді. Бұл процесті, тарихи-әлеуметтік құбылысты тек қана рациональды тұрғыдағы пайымдаулармен толық түсіндіру мүмкін емес. Өйткені дүниедегі қатынастардың рационалдық емес негіздері бар. Бұл жағдай ерекше тұжырымдаманың іргетасын құрайды. Бұл тұжырымдаманың сипаттамасы төмендегідей: тарихи процесте мәдениеттер үнемі бір-бірімен сұхбаттасады, түйіседі, қайшылықта болады. Олар бір-бірімен өзара әлеуметтік сиысушылықта болып, тарихи дамуда жұптаса, бірлесе, ұтымды тіршілік ете алуы үшін, жалпы прогресшіл тарихи процеске сәйкес пәрменді алға жылжу үшін міндетті түрде мәдениеттердің рухани мүмкіндігінің әр алуандығы керек, яғни бірі күштірек, екіншісі әлсіздеу (рухани, ментальдық экономикалық, өркениеттік және т.б. салалар бойынша қарастырғанда) болуға тиісті. Сонда ғана Жер бетіндегі әр килы деңгейдегі мәдени құрылымдардың өзара кірігу (интеграция) процестері жүреді. Әрине, бұл процестің адамзат тарихында көбінесе зорлықпен, тұрпайы түрде байқалуы оның өзіндік көлеңкелі беттеріне жатады. Өз заманының тағылымдары мен заңдылықтарына сәйкес болып келетін осындай этносаралық мемлекетаралық байланыстардың болашағы ұзағынан болуы үшін мәдениеттердің өзара үйлесу, бірін-бірі баю процесі жүруі керек. Сонда ғана әлсіздеу мәдени-әлеуметтік құрылымдар (этникалық қауымдастықтар) тарихи бәсекелестік барысында бейсаналық деңгейде күштілеу тарихи-әлеуметтік құрылымдарға арқа сүйеуге бейімделеді. Әрине, бұл қарым-қатынастың өзіндік келеңсіз жақтары да біршама көрініс табуы мүмкін. Осындай тарихи ахуалды көптеген зерттеушілер аңғарып, оны әлеуметтік әділетсіздік ретінде атап еткен.

1864 жылғы 26 наурызда Шоқан Уәлиханов «Қазақтың көші-қоны» деген мақаласында өткен XVIII ғасырда қазақ елі қаншама қантөгіс соғысты, барымташылдықты бастан кешірсе де малы қазіргіден әлдеқайда көп, тұрмысы анағұрлым жоғары болғанын еске сала келіп, XIX ғасырда мал жылдан жылға азайып, қазақ шаруаларының тұрмысы төмендеп кеткенін үлкен қынжылыспен атап көрсеткен. Олардың себебін қазақ жеріндегі құнарлы аймақтарды үлкен өзендер бойын жағалай салынған қамалдар мен бекіністерге, қазақ станицаларына берілуімен байланыстырады. Сөйтіп, малдың өрісі тарылып, есімі баяулап, өнімі азайып кетті.

Ресейдің ықпалды таптарының өкілдерінің қазақтарға деген бұндай қатынасы қазақ ағартушылары тарапынан наразылық туғызды және олар отарлаушыларды қатал сынға алды. Олар, шын мәнінде, Қазақстандағы патша әкімшілігінің шенеуніктерінің тонау әрекеттерін қатты сынады. Мысалы, Ш. Уәлихановтың «Сот реформасы туралы жазба» деген мақаласы, Ф.М. Достоевскийге, А.Н. Майковқа, К.К. Гутковскийге және т.б. жазған хаттары, жұмыс нұсқасындағы енбектері Қазақстандағы патша үкіметінің шенеуніктері қазақ халқының артта қалуы мен сауатсыздығын пайдаланып, ауқымды байлық жинағандарын көрсетіп жазады. Ш. Уәлихановтың пікірі бойынша, «рулық тұрмыс заңы» қазақтардың табиғи» даму кезеңін жақсы көрсетеді, «ол тек қана, — деп жазды Ш. Уәлиханов, — бай қырғыздардың мансапқұмарлығын қанағаттандыруға және лай суда балықты жақсы ұстай білетін орыс шенеуніктерінің баюына қызмет етті». Ф.М. Достоевскийге жазған бір хатында ол өзінің шынайы тапқырлығымен және айқын көрініп тұрған жеккөрушілік сезімімен губернаторлық хатшы, туған жері Мюнхенді тастап, аты «сһен»-мен аяқталатын қарындасымен бірге тәуелсіз Татариядағы қырғыздарды алдап, олардың ақшасына әйеліне арнап «цитрондық лентасы бар померанцтық көйлек тіктіргісі» келетін барвар немісі туралы жазады. Қазақстандағы отаршылдық үкіметтің жоғарғы дәрежедегі шенеуніктері жеке бас пайдасы үшін бір-бірімен үздіксіз қырқысып, бір-бірлерінің артынан сөздер айтты және әрбіреуі өз шаруасын бітіруге тырысты. Осының нәтижесінде өлкеде тәртіпсіздік, озбырлық және шенеуніктердің өз білгенін істеуі кең етек алып, онсыз да қазақ еңбеккерлерінің қиын жағдайын ауырлата түсті.

Зардап шеккен халықтың ауыр тағдырын жеңілдету жолдарын табу үшін шын ниетімен қам жеген Ш.Уәлиханов Ресейдің прогрессивті адамдарына үндеу тастап, күреске көмектесуді сұранды және олардан қолдау іздеді. Ш.Уәлиханов қатты ашу-ызамен әлгілердің алдында қазақ даласына орныққан орыс қанаушыларының халық байлығын бөлу үшін өзара күресіп және олардың шексіз сараңдықтарын, еңбекшілер арасындағы шексіз пайда табу ниеттерін ашық көрсетіп, 1864 жылдың наурызында К.К.Гужовскийге былай деп жазады: «Облыстық басқарма мен канцелярия өзара соғысуда. Канцелярия жағынан жауынгер болып Крохолев шықты және қырғыздардың ақшасын өзіне алды, басқаруға ешкім аяқ баспайды. Ивашкевич ашулы және Майделді азғыруда, бірақ тікелей әрекет етуге батылы жетпейді, дегенмен де клуб ішінде ұрысып-керісуде. Барлығы да жаңа тәртіпті күтуде және жартылай патшашылдық күйді пайдалануда. Ашық әрі сұмдық алады, жұмыстан кетті деп бүгін жазады, ертең ақшаны алып, шешімді жояды және де тағы сол сияқтылар».

Ш.Уәлихановтың шығармашылық мұраларының мәні өте зор. Оның ғылыми дарыны этнология, тарих, география, әдебиет, тіл білімі, заңгерлік, әскери ғылым, философия саласында танылды. Ш. Уәлиханов өзі зерттеген ғылымның барлық саласында айқын із қалдырды. Ойшыл өмір сүруге тура келген, қазақ халқы үшін қасіретті кезең оның шығармашылығында көп қырлылығымен, көп жақтылығымен қасіреттілігімен және қарама-қарсылықтылығымен сипатталады. Қазақстанды отарлау, яғни мемлекеттікті ғана жоғалту емес, сонымен бірге ұлт азаттығын жоғалтумен сипатталатын қазақ тарихындағы өзгерісті кезең — Ш. Уәлиханов дәуірін сипаттайтын ерекшелік. Ұлттық рухтың маңыздылығы, осы рухты білдіруші Ш.Уәлихановтың ұлылығы сол — ол көшпенділердің іргелі негізін — бостандығын жоғалтқанына қарамастан бұл жағдайды түсіне білді. Қазақ ағартушысының әлем ғылымы мен өзінің халқының алдындағы сіңірген зор еңбегі — ерекше этнос ретіндегі қазақ халқының тарихи құқығын анық және логикалық дәлдікпен қалпына келтірді оны ғылыми тұрғыдан әлем халқы қатарына қосты.

Ш. Уәлиханов — жаңа заманда Орта Азия мен Қазақстаннан шыққан, аймақтың нағыз өзегіне, оның адамына жол ашқан алғашқы ғалым. Адам мәселесі ойшылдың дүниетанымында маңызды орын алады. Бұл тақырыпқа ол жан-жақты қарайды: өлкенің географиясы, тілі, салт-дәстүрі, этнографиясы, фольклоры, этносы, тайпалар мен халықтар тарихы, қоғамның әлеуметтік құрылымы. Қазақ ағартушысының шығармаларында адамгершілік тұжырымдар, адам өмірінің мәнін орынды бағалау мен адам жер бетінде толыққанды, бақытты өмір сүруге толық құқылы деген түйін бар.

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>