iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Австралия туралы слайд

Бұл мәлімет 1 118 рет қаралды

Слайд тақырыбы: Австралия мемлекеті туралы. Слайд 10 беттен тұрады. Бұл слайдта Австралия мемлекеті, оның климаты және көрікті жерлері туралы мәліметтер мен суреттер бар. Құрлық — оңтүстік жарты шарда орналасқан құрлық. Ол 10°41′ оңтүстік ендіктегі Йорк мүйісінен 39°11′ оңтүстік ендіктегі оңтүстік-шығыс мүйіске дейін және 113°05′ шығыс бойлықтғы Стип-Пойнт мүйісі мен 153°34′ шығыс бойлықтағы Байрон мүйісі аралығында орналасқан. Аум. жағынан Жер шарындағы ең кіші құрлық (7,63 млн км²). Батысы мен оңтүстігін Үнді мұхиты, шығысы мен солтүстігін Тынық мұхиттың Тасман, Маржан, Тимор және Арафур теңіздері қоршаган. Жағалаулары аз тілімделген. Ірі шығанақтары — солтүстігінде — Карпентария, оңтүстігінде — құрлықтың үлкен шығанағы.

Құрлықның солтүстігінде Кейп-Йорк түбегі, шығыс, солтүстік-шығыс жағалауын бойлап (ұзындығы 2300 км) Үлкен тосқауыл рифі жатыр. Оңтүстігінде Тасмания аралынан Құрлықны Басс бүғазы бөлген. Оңтүстігін бойлай Үлкен Құрлық шығанағы орналасқан. Еуропалықтар үшін Құрлық құрлығын 1606 ж. голландиялық теңіз саяхатшысы В. Янсзон ашқан.

Климаты

Құрлықтың басым бөлігін тропиктік (18°—30° оңтүстік ендік), ал солтүстігі мен оңтүстігін субтропиктік белдеу алып жатыр. Шығыс жағалауының климаты — тропиктік теңіздік, Күн радиациясы үнемі жоғары, ашық күндер басым. Сондықтан Құрлықның барлық аймағында темп-pa жоғары және тұрақгы (20 -28 °C ға дейін), тек қыс айларында (шілде — тамызда 12 -20°С температуpa төмендейді. Қаңтардың орташа температурасы 40 °C болатын аудан құрлықтың солтүстік-батысында, абс. максимум — Клонкарриде (53,1 °C). Тұрақты аяз тек оңтүстік-шығыстағы Құрлық Альпісінде (-22°С-қа дейін) байқалады. Үлкен суайрық жотасының Тынық мұхиттан соғатын ылғалға бөгет жасауы, құрлықтың бүкіл орталық аймағының климатының кұрғақ болуына әсерін тигізеді. Құрлық жерінің 40%-ке жуығында жауын-шашын мөлшері 250 мм-ден аспайды. Құрлықтың солтүстігі мен шығысындағы тауларда жауын-шашын мөлшері 500 мм-ден 2000 мм-ге дейін жетеді. Бұл аймаққа экватордан келетін ылғалды муссонның әсері бар.

batton

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>