iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

«Әскери коммунизм» саясаты слайд

Бұл мәлімет 2 314 рет қаралды

Бұл слайдта қарастырылатын тақырыптар: —1. «Әскери коммунизм» саясатының сипаты —2. Саясаттың өнеркәсіпке тегізген әсері —3. «Әскери коммунизм» саясатының салдары —4. Астық өнімдірінің азаюы —5. Өлке үшін ауыр кезең —6. 1921 – 1922 жылдардағы аштық —7. Әскери коммунизм» саясатының экономикалық салдары.

Презентация «Әскери коммунизм» саясаты атанған белгілі экономикалық саясат елдегі материалдық ресурстардың барынша шектеулігі кезінде бұрын-соңды болып көрмеген бүлікшілік, шетелдік соғыс интервенциясы, Азамат соғысы мен оқшаулану жағдайларының аса қажеттігінен қалыптасты. Бұл саясаттың әрекет етуінің сипаты уақытша болды. Оның тікелей міндеті өндіріс пен бөлуді орталықтандыру, мемлекеттің қолына қорғаныс мүдделеріне сай елдің азықтық, шикізат т. б. ресурстарын шоғырландыру мен оны тиімді пайдалану еді. «Әскери коммунизм» саясаты енгізілуімен бірге ірі кәсіпорындармен қатар орта, тіпті ұсақ кәсіпорындар да национализацияланды. Астық монополиясы мен азық-түлік салғырты, жалпыға бірдей еңбек міндеткерлігі енгізілді. Нарықтық қатынастарды толық оқшаулау, экономикалық мүдделер мен ынталандырудың орнына экономикадан тыс директивалы-бөлу жүйесін енгізуге үміт артылды. Ақшалай жалақының орнына коммуналдық қызмет, транспорт т.б. үшін карточкалық «паек» берілді. Киім, аяқ киіммен «паектік» қамтамасыз ету енгізілді.

Слайд мазмұны Қазақстан қалаларында болған көптеген жан-жалдардың орын алғанын баяндайды. Ауыл шаруашылығында үкіметтің экономикалық саясатының негізгі бағыты «Әскери коммунизм» саясатының көрінісі — азық-түлік салғырты болды. Азық-түлік салғырты шаруалардан өндірген өнімінің өздерінің күнкөрісіне жететін шамалы белігінен басқасының бәрін армия мен қалалардың жұмысшы тұрғындарының мұқтаждығы үшін мәжбүрлеу жолымен реквизициялау түрінде жүзеге асырылды. «Артық өнімдер» қарулы азық-түлік отрядтары мен армияның көмегімен тартып алынды. Бұл міндетті тапсырулар үшін төленетін ақының мөлшері қағаз ақшаның жаппай құнсыздануы жағдайларында өте мардымсыз болды. Сондықтан шаруалар азық-түлік салғыртын тонаушылық төркілеу ретінде қабыл алды. Жер қоры, өнеркәсіп, транспорт, банкілер национализациялауға ұшырады. Қазақстанда 300-ден астам ірі өнеркәсіп орындары мемлекет қарамағына алынды. Олардың ішінде — Спасск мыс қорыту және Шымкент сантонин зауыттары, тау-кен өндірістік акционерлік қоғамының қорғасын зауыттары, Риддер іштерінің кәсіпорындары, Екібастүз және Байқоңыр комір шахталары, Ембі мүнай кәсіпшіліктері болды. Орынбор-Ташкент және Жетісу темір жолдары, Арал теңізіндегі сауда флотының кемелері мен Ертіс және Жайық өзендеріндегі кемелер, Қазақстан қалаларында орналасқан Орыс-Азия, Волга-Кама, Сібір сауда және басқа банкілердің капиталдары (қаржылары) мемлекет меншігіне өтті. Алайда мұндай саясат көп ұзамай өнеркәсіптің қирауына әкеп соқты.

Өнеркәсіпті национализациялаумен пайда болған басқару жүйесі бірден шамадан тыс орталықтанғандық белгілерге ие болып, бюрократизмге жол ашты. Маманданған жұмысшылар жеткіліксіз болды. Басқару аппаратының жеке буындары арасындағы үйлесімсіздік, шикізаттың тапшылығы, транспорттың берекесінің кетуі, коп жағдайда саяси және өскери органдардың өндірістік істерге кәсіби емес араласуымен ұштасып жатты. Төтенше шаралар қолдану, билікті шамадан тыс пайдалану әдеттегі іске айналды.

«Әскери коммунизм» саясатының салдары. Азамат соғысы мен «шаруалар соғысының» (азық-түлік салғырты, дүние-мүлікті тәркілеу, кулактармен күрес) апатты салдарлары, осы кезеңге тура келген табиғи апаттар (қатты құрғақшылық т.б.), тиімсіз экономикалық саясат, әкімшілдіктің өрістеуі ауыл шаруашылығын аса ауыр жағдайға әкеп соқтырды. Соғысқа дейінгі уақытпен салыстырғанда жыртылатын жер көлемі екі еседен аса, жиналған астық мөлшері үш еседен аса азайды. Мал шаруашылығы саласы бұдан да ауыр жағдайға ұшырады. Қызылдардың және ақтардың тарапынан малды үнемі реквизициялау (тартып алу) және жұт мал басының шұғыл кемуіне әкеп соқты. Бұл жылдар ішінде малдың барлық түрлерінің саны 10,5 миллионнан астам басқа кеміді.

batton

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>