iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Асан қайғы слайд

Бұл мәлімет 1 383 рет қаралды

Слайд тақырыбы Асан қайғы Сәбитұлы туралы. 11 беттен тұрады. Бұл слайд Асан қайғы өмірбаяны, Асан қайғының өмір сүрген кезеңі, оның толғаулары сонымен қатар философиялық дүниетанымы бөлімдерінен тұрады. Асан Қайғы 14 ғасырларда өмір сүрген, Алтын Орда, қазақ халқының дана, ақылды жырауы, өзінің уақытында абызы, басты биі, Шоқан Уәлихановтың жазған деректерінде, қазақтың жағдайын, тұрым-тіршілігін, алдағы уақытын ойлап қам жеген «дала философы», бұндай ақылды, халықтың жағдайын ойлаған Асан деген есіміне кейіннен «қайғы» сөзі жалғанып аңызға айналып кеткен болатын. Кейбір аңыз — әңгімелерде Асан қайғының әкесі Сәбит көптеген жылдар өмір сүргені, он сегіз мыңдаған жердің, құстардың, жануарлардың тілдерін түсінетін, көріпкел әулие, әйгілі саятшы болғаны туралы айтылады. Өзінің туған баласы Асан қайғыны ес білгеннен бұндай ерекшеліктерге үйретіп өсіріп келген. Осындай дана, сауатты тәрбиешілікті көріп өскен Асан бала шақтарында өзінің жерінде адамдардың қамдарын ойлап, олардың болашақтағы үлкен де, мығым халық болатындығын жақтарын ойлап жүреді. Осы себеппен Асан қайғы бала болса да хан, сұлтан, би, бектермен бірге жүріп, оларға ақыл қосысады, ой-пікір жарыстырып, тайталасып ержетеді. Бозбала кезінен-ақ ол ақындық-жыраулық, шешендік, тапқырлық өнерді жете меңгереді.

batton

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>