iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Антропогенездің факторлары

Бұл мәлімет 112 рет қаралды

Ч. Дарвин адамның шығу тегін зерделей отырып, антропогонездің факторларына үлкен мән берді, адамның арғы тегі дене құрылысының өзгергіштігі мен мінез-құлықының қасиеттеріне, кез келген дене мүшелерінің қайсысын пайдалануына, табиғи және жыныстық сүрыптау сияқты антропогенездің факторларына ерекше мән берді.

Табиғи сұрыпталу ежелгі және ертедегі адамдардың популяцияларына әсер етті. Табиғи сұрыпталу олардың тек қана сыртқы құрылысымен ғана шектеліп қойған жоқ, ол еңбек құралдарын жасай білуі мен оларды пайдалануына әрі қарт адамдарды қорғауына, ұжым болып аң аулауына және басқа қасиеттеріне қолайлы жағдайлар туғызды. Сұрыпталу тек жеке адамды ғана қайталап қоймай, ол ұжымдық сипат алды.

Табиғи сұрыпталу үрдісі қазіргі кезде де тоқтап қалған жоқ, ол жалғасып жатыр, оған қазіргі кезде кейбір географиялық аудандарда жеке адамдардың әртүрлі ауруларға қарсы тұру төзімділігі дәлел бола алады. Мысалы, Африка мен Жерорта теңізінің маңындағы тұрғындарының арасында орақжасушалы анемия ауруы таралған, бірақ оның гетерозиготалары осы анемия бойынша безгек ауруына ұшырамайды. Осыған ұқсас, глюкоза-6-фосфатдегидрогенезі жетіспейтін жеке адамдар да безгек ауруымен ауырмайды.

Орталық Азияда тұрғындарында қанның I (0) тобы өте сирек кездеседі, бірақ қанның III (B) тобы өте жиі кездеседі. Осылай кездесуіне «кінәлі» бұрынғы кездегі оба ауруының эпидемиясы, яғни соның салдарынан қаны I топқа жататын тұрғындар арасында осы ауруға қарсы тұру төзімділігі нашар болды. Үнді, Қытай, Африка шешек ауруымен жиі ауырса, ал кейбір жекеленген аудандарда тұратын қаны II (А) топқа жататын адамдар шешек ауруымен жиі ауырады.

Антропогенездің факторлары туралы қазіргі көзқарастар адамда тірі табиғаттың өнімі болғандықтан тірі табиғатқа қандай эволюциялық факторлар әсер етсе, адамға да сол факторлардың әсері бар деп түсіндіреді. Сонымен бірге адамның өзіне тән ерекшеліктеріне сәйкес антропогенездің де өзіне тән факторы әсер ететінін де жоққа шығармайды.

Антропогенездің арнайы факторлары туралы ілімнің негізін XIX ғасырдың соңында Ф. Энгельс қалады. Ол, адамның пайда болуы табиғи эволюцияның белгілі бір сатысы ғана емес, ол адаммен бірге жаңа еңбек күші пайда болды. Еңбек табиғатты өзгертіп ғана қоймай, ол адамды да өзгертеді деп есептеді. Ф. Энгельс антропогенездің арнайы ең басты факторы — еңбек деп айрықша атап көрсетті.

Қорыта айтқанда, еңбек арқылы адам жануарлардан бөлінді, ал адамдардың қолдарының, сөйлеу мүшелерінің және миының біріге атқаруының нәтижесінде, олар қиын жұмыстарды істеуге, әр кез алдарына үлкен мақсат қоюға және соған жетуге тырысатын қабілетке ие болды.

Бірақта, еңбек антопогенездің ең басты факторларының бірі екенін мойындау, оның себептерін, яғни австралопитектерді және кейінгі тіршілік иелерінің еңбек етуге мәжбүр еткен жағдайларды білуге кедергі жасады. Осының себептерін анықтау үшін, Шығыс Африкада плиоценде үлкен техтоникалық үрдістердің қарқынды жүріп жатқандығы, жанартаулардың жиі атқылауы, таулардың пайда болуы, жер сілкіну және басқа жағдайлар уран кендерінің беткі қабаттарының ашылып қалуынан сол аймақтарда ионданған радйация мөлшерінің артуы әсер етті деп есептейді.

Мутагендік факторлардың әсерінен иондалған радиация австропитектерде мутациялар пайда болып, оларды өте әлсіретіп, олардың жануарларға тән қорек табу қабілеттілігінен айырды. Мұндай жағдайлардан тірі қалу амалы австралопитектердің бір бөлігі немесе тобы тек қана тас пен ағаштан едеуір жетілдірілген құралдар жасап, оларды шабылдау және қорғану үшін пайдалануға мәжбүр болды.

Ертедегі адамдардың әрі қарай жаңа құралдарды жасай білуі олардың табиғатта басым орын иеленуіне мүмкіндік туғызды. Олардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау үшін тіл қажет болды, сөйтіп ежелгі адамдардың миының төбе және маңдай бөліктері (сөйлеу орталығы) жэне сезім мүшелері жақсы дами бастады.

Антропогенездің тағы бір өзіне тән факторы деп етті қорек етуін атауға болады. Австралопитектер жыртқыштық тіршілік иесі болған деп есептелінеді. Соның ішінде Н. habilis өздерінің құралдарының арқасында австралопитектер үшін де ең қауіпті жыртқыш болды. Осы кезеңдерде каннибализмнің пайда болуы да мүмкін.

Антропогенездің осы факторы туралы қазіргі көзқарас бойынша етпен қоректену қазіргі адамдардың арғы тегін алмастыруға болмайтын амин қышқылдармен қамтамасыз етті деген ойға келіп тіреледі. Көптеген антрополог ғалымдар антропогенездің мүмкіндік факторы альтруизмге парасатты ерекше көңіл бөледі. Ежелгі және ертедегі адамдардың ыңғайлы құралдар жасай білу дағдылары, олардың өздерінен бұрынғы ата-тектерінен тұқымқуалаушылық арқылы берілуі мүмкін, бұл жағдай алғашқы қауымдастықтарда аға буын адамдардың рөлі мен маңыздылығын және олардың қүралдарды жасай білу тәжірибелерін, аң аулау, т.б. есте сақтай білуін аңғартады. Әлсіздер жақсы қорғалса, олардың өміршеңдігі ұзарды. Осы кездерде, олардың ішіндегі түрішілік үшін күрес болмай, табиғи сұрыпталудың маңызы бәсеңдеп кетті деп есептелінеді. Керісінше, антропогенездің басты факторы болып, жаңадан қалыптаса бастаған әлеуметтік заңдылықтар орын алды.

Қорыта айтқанда, ежелгі және ертедегі адамдар өздерінінің топтарында әлеуметтік қарым-қатынастар орнатты, соның салдарынан осы кезеңдерде табиғи сұрыпталудың орнын әлеуметтік факторлар алмастырды. Тіршілік үшін күресте тек мықтылар ғана емес, сонымен бірге әлсіздерді (қарттарды, эйелдерді жэне балаларды) қорғағандар да жеңіске жете бастады.

Тіршілік үшін күресте тәжірибесі мол қарттарға қамқорлық көрсете білген топтар мен тайпалар жеңіске жете бастады, өйткені олар құралдар жасай білетін тәжірибелерді сақтай білді, аң аулаудың тәсілдерін және қорек етуге жарайтын өсімдіктерді таңдай білді, жергілікті жерді бағдарлау және т.б. жақсы білді.

Қорыта айтқанда, алғашқы австралопитектердің жеке дараларында негізінен табиғи сұрыпталу басым орын алды яғни қолымен жақсы жұмыс істей алатыны, сонымен бірге еңбек құралдарын жетілдіруі сұрыпталып, мысалға Н. habilis-тер үшін альтруизм эволюцияның басты бағытына айналып, ұжымдық өмір сүруде өте маңызды рөл атқарды. Әлеуметтік ортаның пайда болуы қайталанбайтындығымен ерекшеленді. Еңбек құралдарынының жаңа түрлерін жасай және оларды пайдалана білген популяциялар өміршең болып, өмірге бейімсіз, дамуы төмен популяцияларды ығыстыра бастады.

Антропогенезге ауыл шаруашылығымен байланысты басқа факторларда да әсер етті. Мысалы, тағам ретінде сүтті пайдалана бастаған кезде жеке даралар арасында лактозаны ыдырата алатын сұрыптау басталды. Қазіргі адамдардың популяцияларының арасында сүтті пайдаланбайтындарда лактозаны ыдырауын бақылайтын гендердің шоғырлануы (бір орынға жиналуы) болар болмас ғана байқалады.

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>