iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Қанат Ахметов

Бұл мәлімет 269 рет қаралды

Қанат Ахметов Республикамыздың мемлекеттік үрмелі оркестрінің кұрушысы. Содан бері ол оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері хақында еңбектенуімен қатар, үш жарым жылдай Қарағандының симфониялық оркестрінің әрі бас дирижері, әрі басшысы болды. Ол осы жылдары Алматы және Қарағанды арасында сапарларда жүрді. Оған шетелде жүргізілетін гастрөлдік сапарлары да қосыла түсті. Алматы опера және балет театрында Бизенің «Кармен» операсын екі маусым бойы сахнаға шығарды. Ол бұл операны Түркия еліне апаруға қатысып, дирижерлікті атқарды. Қанат Ахметов 17 жыл мерзімде Мемлекеттік симфониялық оркестрмен жүмыс істеді, Төлепберген Әбдірашпен тірі кезшде осы ұжымның екінші дирижерлігін атқарды. Марқұм Т.Әбдірашпен достыгы 1976 жылдан Мәскеу консерваториясында оқып жүрген кезінде басталғанды.

Қанат Ахметов: — Дирижерлік өнер — өмірімнің маңызды кәсібі. Мен қазіргі таңда симфониялық жэне опералық дирижерлікті қалай түсінемін, бұл бәлкім тыңдармандарға да қызық болар деп ойлаймын. 80-жылдары Шостаковичтің, Стравинскийдің, Губайдуллинаның, Денисовтің музыкаларын сүйсініп тыңдайтындар көп болатын. Енді біз осы күштарлықты қайтадан орнатуға тиістіміз. Лондондағы «Альберт Холл» сиякты 10 мың орыны бар концерттік зал тыңдармандарға лык толғанына куә болғанмын, солардың көбі нарык адамдары. Классикалық музыкаға деген ынтызарлықты балалық шақтан тәрбиелеген жөн. Қазақстанның нарық қызметкерлері мен шенеуніктердің ішінде классикалык музыканы тыңдаушылары бар, бірақ өте аз, — деп ойын ортаға салады.

2008 жылдың жазында Астананың 10 жылдық мерей тойын тойлағанда Мемлекеттік симфониялық оркестрдің концерттік бағдарламасын Есіл өзенінде жүзіп жүрген кеме үстінде ұйымдастырды. «Өзен дыбыстары» атты классикалык музыканы орындау идеясын Қуаныш Оразғалиев берді. Оркестр мүшелері де, өзенді жағалай оркестр өнерін қызықтаған көп тыңдармандар көңіл рахатына бөленді. Жұлдызды аспан мен өзенді қоршаған табиғат, оркестр құрамы мен тыңдармандар түтастай біріккен үйлесімге үласты. Бұл музыканың сиқыры мейрамындай бағаланды, қабылданды. Сол шақ Венецияны, оның каналдарытг елестетті. Түннің түндігін өте шебер орындалған күшті электр жарығы өзен үстін әрлі-берлі жолақ-жолақ шарпып өтуде ерекше шарм қабылдауы болып табылды.

«Әйелдерді қатты сыйлаймын, бірақ олардың өздерінің лайықты орындары бар. Әйелдер қайырымдылық тұрғысынан ер адамдардан басым келеді. Өмірімде үлкен орын алған үш әйелге табындым. Біріншісі, менің анам — Ғилиқамал. Ол жеті баланы тәрбиеледі. Мен отбасындағы бірінші үл едім, ол менің музыкалық қабылетімді ерте тани білді. Екіншісі, жарым — неміс қызы Елена Александровна Веннер. Оған мен 9-сыныпта оқып жүргенімде ғашық болдым. Менің үлкен екінішіме орай бұдан үш жыл бүрын ол қайтыс болды, оралмас сапарға жол тартты. Елена маған әдебиетке, музыкаға деген сүйіспеншілікті туғызды. Ол тарих мамаиы болғанымен пианинода шебер ойнайтын. Үшіншісі — қазақтың аяулы қызы, аса дарынды композитор — Ғазиза Ахметқызы Жүбанова. Мен Мәскеу консерваториясын бітіріп, еліме — Қазақстанға оралғанымда Алматыда, Қарағандыда жұмысқа орналаса алмай жүрдім. Бірде консерватория директорына жолығуға келсем, қабылдау бөлмесінде 20 шақты адам жиналып қалған екен. Ғазиза Ахметқызы тездетіп оларды кабылдап, мәселелерін шешті. Мен кабинет табалдырығын аттадым», — сонда ол:
— Сіз қандай шаруамен келдіңіз?
— Мен Мәскеу конверваториясының түлегімін, жүмыска орна-ласқым келеді. Ғазиза Ахметқызы проректорын және кафедра меңгерушісін шакырып алып мені сол бойда жұмыска қабылдады. Кейін маған тұрғын үй бөлді. Қалайша, сондай мейірімді жанды сыйламасқа, есімде мэңгілік сақтамасқа! Менің Республикалық үрмелі оркестр құру ниетімді Ғазиза Жүбанова да қолдап, Д.А. Қонаевка хат жазды. Соның арқасында Кеңес Одағы тарау алдында оркестр құрылды. Міне, осы үш эйел мені қызғыш құстай қорғайтын періштелерім, — деп сырын шертті.
Енді Қанаттың шығу тегімен танысайык. Оның әкесі — Мұғыйын және шешесі — Ғилиқамал қарапайым, қатардағы қызметкерлер болған. Олар Қарағандыда түрды. Екеуі де өлең айтуға кұмар-тұғын. Әке-шешеден жеті ұрпақ өмірге келді. Алматыда Қанаттың апасы Рәзия тұрады, өзгелері Қарағандыда, Омскіде қызметте.

Қанат Қарағандының музыкалық интернатын Владимир Николаевич Рядинскийдің ұстаздығымен 1976 жылы тәмамдады. Музыкалық жоғары білім алу жолын ол Мәскеудің П.И. Чайковский атындағы консерваториясында жалғастырды. Мұндағы ұстазы — профессор Павел Иванович Чумаков, ал оркестр бойынша ұстазы — Қазақстан халқына кеңінен танымал Фуат Мансуров болды.

1981 жылы Қанат Ахметов Бүкілодақтык радио үжымында трамбонда ойнаудан мемлекеттік емтихан қорғады.
Қанат 1978 жылы студенттік шағында Елена Ваннерге үйленді. Екеуінің Кәмила және Алина атты екі қыздары бар. Алина Алматы консерваториясында музыкалык білім алды. Кәмила Мәскеуде классикалық халықаралық фестивальдің бірлістірушісі.

Қанат Ахметов Белоруссияның «Славян базары» фестиваліне, кезінде Рихтер басқарған кештерге жэне өзге де концерттерге қатысты. Түтастай Қазақстан және Ресей аймақтарын аралап, Испания, Франция, Ұлыбритания, Тайвань, АҚПІ елдеріне гастрөлдік сапарлар шекті. Ол өзінің бас дирижерлік басқаруымен оркестрдің эстрадалық-симфониялық қырымен бірнеше бағдарламаларды дайындап, атқарды. Бұл бағдарламаларға Бибігүл Төлегенова, Ермек Серкебаев, Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Әлібек Дінішев, Бахтияр Тайлақбаев, Лаки Кесоглу, Нұржамал Үсенбаева, Майра Мұхаммедқызы тыңдармандарды ән өнерімен тәнті етті. Ал Жәмила Баспақова бірнеше жыл оркестр әншісі болды. Сондай-ақ, оркестр концерттеріне жиі-жиі Жәмила Серкебаева шақырылып тұрады.

Үрмелі оркестрдің кұрамында флейта, габой, кларнет, саксофон, трамбон сынды аспаптарда ойнайтын әртістер баршылық, олар эстрадалық-симфониялық оркестрдің негізгі кұрамына кіреді. Қанат Ахметовтің шығармашылығындағы елеулі оқиға — Кеңес Одағының батыры Сағадат Нұрмағанбетовтің 70 жасқа толуына арналған марш концерті.

Ол дүниежүзі елдерінің музыка қайраткерлерінің эрқилы концерттеріне, фестивальдеріне жиі катысады. Сонда оның бағдарламасының негізгі өзегі — Қазақстан композиторларының туындылары. Оның дирижерлік шеберлігі, ерекшелігі биік тұрғыдағы шынайы мәдениет қорына сүйенеді. Оның басқаруымен орындалған шығармалар тыңдармандардың көңілінен орын таба алды. Қанат Мұғыйынұлының жоғары кәсіби музыкалық өнерінің шеберлігін көрермендердің ұйып тыңдауынан аңғаруға болады.

Бұл дирижер өнерпаз талғамының биік бағасын АҚШ-тың Орегон штатында иеленді. Оны музыкалық факультеттің басшылары Батыс жастарының үрмелі оркестрін басқаруға шақыруы Қанат Ахметовтің дирижерлік шебер өнерін жоғары бағалау болып табылады. Ол маман композитор ретінде үрмелі музыка жанрын дамытуда қыруар еңбектенді, ҚР Қорғаныс оркестрінің марштық репертуары-на айналған жинақты шығаруға белсенді ат салысты. Бұл жинаққа шығыстық-патриоттық такырыптағы Қазақстан композиторларының оркестрге арналған шығармалары молынан енгізілді. Оның бұл еңбегін президент Нұрсүлтан Назарбаев жоғары бағалады. Қанат Ахметовтің жігерімен республикамызда біраз музыкалық фестиваль табысты өтті: Өскемен — 91, Орал — 93, Алматы — 95, 91 фестивальдері.

Ол ұйымдастырушылық қабілетіне, дирижерлік өнеріне қоса тромбон аспабында өте шебер ойнайды. Осы тұрғыда Қанат Ахметов Орта Азия, Әзербайжан, Татарстан және Башқүртстан елдерінің өнерпаздары катысуымен Алматыда (1990) өткен Халықаралық жарыста жүлдегер және Германияда (1992) откен тромбонистер жарысының дипломанты атанды. 1998 жылы АҚШ-тың «Band World» («Жержүзілік соғыстық оркестр») журналында «Қазақстандағы бүгінгі қорғаныс оркестрі» деген мақалада Қанат Ахметовтың құрған мемлекеттік үрмелі оркестрі және оның дирижерлігі жоғары бағаланған.

Қанат Ахметовтың Отандық және шетелдік көрнекті өнерпаздармен бірлескен шығармашылық жолы жемісті болды. Олардың қата рына — Бибігүл Төлегенова, Жәния Әубәкірова, Ғ.Мырзабекова, Г.Қадырбекова, Ю.Клушкин, А.Мұсаходжаева, Н.Үсенбаева, Б.Аюханов басқаратын «Алматының жас балеті», Ресейлік В.Крайнев, А.Скобелев, А.Дедик, АҚШ-тық Ирвинг Вагнер, Тригви Петерсон, Германиялық Хайнз Фаял, Тайвандық Ие Шу Хан, т.б. жатады.

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>