iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Алтынай Жорабаева өмірбаяны

Бұл мәлімет 1 314 рет қаралды
Алтынай Жорабаева

Алтынай Жорабаева

2008 жылы Алтынай Жорабаева 30 жасында Елбасының жарлығымен ҚР еңбек сіңірген қайраткері атағы берілді. Ол осы атақты иеленген әртістердің ішіндегі ең жасы. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл толу шағында өткізілген «Азия дауысы — 2001» атты Халыкаралық фестивалінде Алтынайдың жұлдызы оңынан шықты. Ол сол жолы топты жарып шығып жүлдегер атанды. Болгарияда өткен Халықаралық фестиваль — сайыста сыйлыкқа ие болды. 2004 жылы «Дискавери» және 2005 жылы Египеттегі «Александрия» фестивалінде жүлдегер атанды. Прибалтикадағы «Янтарная звезда» атты фестивальде шырқай биікке көтерілді. Қазақстанның жас әншісіне Гран — при берілді. Ал Голливудта өнердегі орындаушылық шеберлікті сынау — әлем чемпионатында оған сыйлықтар тасқыны молынан тапсырылды: екі алтын және екі күміс медальдар. Қазактың жас, әсем, биязы қызы бес жыл бойы әлемдік сайыстарда жеткен жетістіктерімен қалайша мақтанбасқа! Ол қысқа мерзім ішінде халқымыздың қалаулы, сүйікті әншісіне айналды.

Алтынай осы 5 жыл ішінде жержүзінің қаншама тамаша калалар сәулеттерімен танысты десеңізші. Мұхиттың арғы бетінде Америка сахнасында өнер көрсетті. Мысырдың ірі қаласы Александрияның жағалауын шайып жатқан Жерорта теңізі, кең арналы Ніл өзені, Каирдағы қаптаған мешіттердің күмбездері мен мұнаралары естен шықпайды. Әлемнің жеті кереметі — таңғажайып пирамидалар мен Еуропа мәдениеті, қалалар сәулеті, кіршіксіз тазалық, адамдарынын ізеттілігі көңілді елтіп тартады. Америкаға барғандағы сапары туралы: — Мәскеуден Лос-Анджеласқа 12 сағат ұштық. Ол сұлу қала. Биік ұшпа үйлер сап түзеген. Қайда барсаң да гүлдер, газондар. Біздерді әлемге әйгілі «Universal Studios. Holliwood»-қа апарды. Мені Аргенитина, Бразилия, Мексика және тағы да басқа көптеген елдердің табиғаттары, адамдары кызықтырды. Америкада өткен чемпионатқа 52 елдердің өнерпаздары катысты. Мен 5 номинацияда 2269 номерімен ән салдым. Менің номинацияма — баллада, поп-музыка, этнорок, эренда және джаз кірді. Ұлықпан Жолдасовтың «Махаббат маусымы» әнін (сөзі Исрайл Сапарбаевтікі) және «Мұны неге білмейсің?» әндерін орындауым екі алтын медальмен марапатталынды, — деп деректер берді.

Тілші Гүлжанар Амантайкызының сөзімен айтсақ: «Қазак өнерінің өзіндік әсем даусымен, өзіндік болмысымен, дараланып жүрген қыздарымыз баршылық. Сондай кыздарымыздың бірі — ән өнерінің еркесі, қазақ сахнасының көркіне айналған, талай халықаралық ән байқауларының жеңімпазы, дарынды әнші — Алтынай Жорабаева. Ол тек сахна көркі ғана емес, жанұясының алтын діңгегі, аяулы жар, ана».

Алтынай Жорабаева өмірбаяны

Алтынай Жорабаева республикамыздың өңіріндегі күні тым ыссы, түні қапырық, бірақ та жемісті, мақталы, шипалы Оңтүстік Қазакстан облысындағы Төле би ауданының Бейнеткеш ауылында 1978 жылы дүниеге келді. Әкесі — Құлажан Жорабаев катардағы совхоз қызметкері, анасы — Жаңыл қазан-ошағы басында, тынымсыз үй шаруасымен ұл-қыздарын тәрбиеледі. Жаңыл анасы — дауысы табиғатынан керемет қуатты, Ермек Серкебаевқа ұқсас-түғын. Алтынайдың айналасының бәрі өнерлі болған, апалары — Қанбибі және Досхан көрші-көлемдер ортасында әндерді еркін айтатын. Мектепті аяқтағаннан кейін 1995 жылы Ахмет Иассауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің өнер факультетіне түсіп, оны 1999 жылы тәмамдады. Ол ән салуды бала шағында не мектеп жылдарында емес, институт қабырғасында 2-курс студенті кезінде фольклорлық клубқа қатысудан бастады, халық әндерін көкірегіне кұйып, белгілі халық жырауларының терме-толғауларын, дәуірлес композиторлардың, сазгерлердің әндерін үйренді.

1997 жылы облыстық «Арай» байқауына қатысып, 3-орынды иеленді. Бұл оның алғашқы жеңісі. Сол жылы Республикалық «Азия дауысы» фестивалінде композитор Бейбіт Оралұлының ән туындысын естіді. Бұл дәлдеп айтсақ қазақтың абыз ақыны Асан Қайғы атаның термесі еді. Осы этнографиялық композияда терең мағлұмат бар. Халқымыздың сан ғасырлық жүрек жыры, көңілінің сыры, көрген талай өмір тауқыметтері, әсіресе даналық ел қамқоры — жер ұйықты іздеп талай жазықты, қыр мен доңдерді, тау мен жоталарды желмаяға мініп шарлауының сары үні ботаның боздауындай сезім әсерін танытады.

Фестиваль бұрын «Алтын Орфей» деп аталынғанды. Бұл жолы сайысшылар ортасында жалғыз азиаттық әртіс болды. Бірінші күні ол өзінің ән термесін орындаса, ал келесі күні тауы шағылады. Бағдарлама бойынша Аманбек Ақаевтың «Қазығұрт» әнін орындауы керек-ті, бірақ күтпеген жағдайға орай аяғы ауыр әншінің жағдайы күрт нашарлап кетеді. Ең жаманы — тамағы ауырып, жоғары ноталарды ала алмайды. Алтынай «Алла» деп бастап, аруақтарға сыйынады. Соның бірі Шымкент аймағынан шыққан Қазығұрт. Құдай бар, аруақтар оның жан кешті сыйынуын естігендей…. Ол кеште бар күшін жиып әнді қалағанындай орындайды. Соның арқасында Аманбек Ақаев фестивальдің ең жақсы композиторы деп бағаланса, ал Алтынай 2004 жылдың қараша айында өткізілмекші Юрмаладағы «Янтарная звезда» фестиваліне шақыру алды. Осы фестивальде Гран-приді «Оскар» сыйлығының иегері, Канада елінің әншісі Селина Дигн жеңіп алды. Оның «Титаник» фильміндегі әні әлемді шарлап өтті ғой! Мың әншінің ортасынан Алтынай Жорабаеваның дауысын тануға болады, оның «Попурриі» сол танымалдылықтың таңбасы.

2004 жылы Қазакстанның өнер салтанатының касиетті шаңырағы — Республика сарайында Алтынай Жорабаеваның алғашкы жеке концерті өтті. Оның көрермендерді ерекше елітіп, таң қалдыруын газет — журналдар жаппай бірауыздан жариялады. Ол әндерді әлемнің бірнеше тілінде айшықты орындады. Солардың қатарына Қырғыздың жырауы Тоқтағұлдың «Жігіттің көркі жарменен», Белорус халқының әні «Рэченька». Әндердің толқыны түрік, тәжік, орыс және ағылшын тілдерінде жалғасты. Алда испан тілінде әнді орындауын армандайды. Тәжік әні «Пурпуру» бубеннің сыңғырлауы, ғашықтардың жыры, Түрік әні «Турнайы гезиндэн вурдум» т.б. сәнді-ақ. Түріктер тырна құхын сұлулықтың белгісі деп таниды.

Алтынай Құлжақызы Жорабаеваның ән орындау мәнерін ешбір әншімен шатастыруға болмайды. Оның сахнада өзін ұстауы, киім үлгісі тек өзіне тән. Оның 2009 жылы 65 әндерден тұратын ұнтаспасы жарық көрді. Олар көптеген қазақ және ағылшын, түрік, тәжік, қытай, грузин, өзбек, белорусь халықтарының әндерінен құралған. Ең жиі айтатын әндері: композиторлар — Б.Оралұлы, Н.Тілендиев, Ш.Қалдаяқов, А.Дүйсенбі, Т.Шапай, Ұ.Жолдасов, А.Ақаев, А.Сүлейменов, Б.Шыналиев, М.Жаутықов, Б.Тұрғараев, Ә.Ботақараевтың туындылары.

Ол — Жұбайым Сәбит сен режиссерді де, мені де емес, тек қана өзіңнің жүрегіңді тыңда. Мұның өзі Американы Колумбаның ашқанындай тамаша болды. Ән орындауда мені қоршаған дүниені ұмытып, жүрегімді тыңдаймын. Бұл әлемде мен бармын және алдымдағы мені ұйып тыңдап отырған, тау жарылғандай дүбірлі қол шапалақтайтын тыңдармандар бар. Алатаудың бір асқар шыңына көтеріліп, қанатын жайған құстай самғағым келеді. Сол сәтте Сәбит пен үш балапаным — қыздарым мені қызыктап тұрса, мен өзімді тірілей жұмақтың айшығында қор қызындай сезінер едім, — деп біраз жәйтін шолыды. Алтынайдың қазак кызына тән гармониясы — ерін мейілінше сыйлау, құрметтеу Сәбит Әбдітүгелұлы Әбдіхалықов — кино-режиссер, әрі Алтынайдың продюсері. Ол Жүргенев атындағы Ұлттық өнер академиясында жоғары білім алды, 2009 жылы Нью-Иорк академиясында 1 айлық тәжірибиеден өтті. Қазір «Несиеге махаббат» атты кинокомедияны жарықка шығармақшы, кезінде «Тамашада» өнер көрсеткен. Олар «Тамашаның» сахнасында танысып, ортасында «Азия дауысынан» әрі қарай махаббат оты лаулады. 2001 жылдың қарашасында шаңырак көтерді. Олар құстың қос қанатындай бірегей.

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>