iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Алмасу типтерінің пайда болуы

Бұл мәлімет 81 рет қаралды

Алмасу типтерінің пайда болуына байланысты сұрақтарды талдағанда, тіршіліктің дамуының алғашқы кезеңдерін білмеу өте қиынға соқтырады. Сондықтан жинақталған болжамдарды эксперименттік жолмен тексеруге өте қиын. Соған қарамастан тіршілік пайда болған кезде және «алғашқы сорпаның» қоры таусылғанда, бірінші клеткаларда органикалық молекулалардың түзілуін катализдейтін ферменттерді синтездеу қажеттілігі туды. Сондықтан әрі қарай биосинтезге қабілетті клеткалар талдау басымдығына ие болды. Уақыт өте клеткаларда әртүрлі метаболизм жолдары орнады. Ең басты метаболизм АТФ синтезіне әкелетін гликолиз түрінде болған деп жорамалдайды. Алғашқы организмдер, мүмкін бактериялармен ұқсас, шығу тегі абиогенді органикалық заттарды пайдалануға қабілетті гетеротрофты анаэробтар болған деп санайды. Электрондарды тасымалдау тізбегінің қалыптасуы анаэробты бактерияларға энергияның көзі ретінде ашуға түспейтін органикалық қосылыстарды пайдалануға мүмкіндік туғызды. Алғашқы гетеротрофтар автотрофтарға бастама берді, олар да анаэробтар еді. Кейіннен автотрофтар арасында фотосинтезді іске асыруға қабілетті организмдер пайда болды, ол осыдан 3,5 — 2 млрд. жыл бұрын С02-н органикалық қосылыстарға айналдыруға және атмосферада оттекті жинауға алып келді.

Қарапайым организмдерде фотосинтездің алғашқы сатыларының пайда болуы АТФ-ның жай синтезі болды деп болжайды. Кейіннен пайда болған организмдер көмірсулардың синтезі үшін сутекті пайдалануы мүмкін, одан кейін пайда болған организмдер суды сутек көзі ретінде пайдалануға және оттек өндіруге қабілетті болды, яғни олар фотосинтездеушілер еді. Алғашқы автотрофтар гетеротрофтар дамытқан ферменттер жүйелерін пайдаланған деп жорамалдайды. Сондықтан фотосинтезге тарихи даму кезіндегі күрделенген процесс деп қарау керек. Ақыр соңында фотосинтездейтін организмдер барлық суқоймаларын мекендеп, кейіннен құрлыққа шықты. Көмірсулар фотосинтездің алғашқы өнімі және өсімдіктерде синтезделінетін басқа барлық құрылымдар үшін шикізат болып табылады.

Фотосинтездің маңызын бағалай отырып, оның эволюциясы ең маңызды екі нэтижеге алып келді деп қорытындылауа болады Бірінші нәтиженің мэні сол, фотосинтездің арқасында өте көп организмдердің түрлері пайда болды, олар шығу тегі органикалық қоректерге (жемдерге) тәуелсіз болды. Бұл олардың гүлденуі үшін жағдай тудырды. Ал екінші нэтижеге келсек, оның мәні сол, биосинтез процесінде босанатын оттектің арқасында, көптеген организмдер тұтынатын қоректен (жемнен) үлкен энергия алды, олардың энергетикалық шығындары өтеле бастады. Оттек пен органикалық молекулалардың көптігіне байланысты НАДФ-нан оттекке электрондар тасымалдау тізбегінің адаптациялану процесі пайда болды, ол диссимиляцияның аэробты типінің пайда болуына жағдай жасады. Әрі қарай, алғашқы аэробтар жасыл өсімдіктер мен хемосинтездеуші микроорганизмдер болған деп жорамалдайды.

Ферменттердің пайда болуымен байланысты сұрақ ерекше. Сөзсіз, олар организмдердің эволюциялық табысы болып табылады. Эволюция барысында ферменттер біртіндеп күрделенген деп болжайды. Бірақ алғашқы ферменттердің пайда болуының механизмі жайында ойға қонымды дәлелдер жоқ, сол сияқты алғашқы ферментативтік рекциялардың сипаты жайында да дәлелдер жоқ.

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>