эволюция человека

Адам эволюциясы слайд (презентация)

Адам эволюциясы, немесе антропогенез (грек сөзі antropos -адам, genesis — даму) — бұл адам эволюциясының тарихи қалыптасу кезеңі. XVIII-XIX ғасырларда адамның шығу тегін зерттейтін ғылымды антропология деп атады. Адам эволюциясының басқатүрлердің эволюциясынан сапалық жағынан үлкен айырмашылығы бар, өйткені бұл арада тек биологиялық факторлар ғана емес, сонымени қатар әлемеуттік факторлар да әсер етеді. Антропогенездің мәселелерінің күрделі болуына, адамның өзі екі түрлі қасиетке ие болуымен байланысты. Бір жағынан ол өзі пайда болған жануарлар дүниесіне жатады және ол анатомиялық және физиологиялық тұрғыдан жануарлар дүниесімен байланысты, екінші жағынан — ол ұжымдық еңбек арқылы жасалған ғылым мен техниканың, мәдениеттің және т.б. жетістіктерінің нәтижесінде пайда болған тіршілік ортасында өмір сүреді. Адам бір жағынан, биологиялық тіршілік иесі, екінші жағынан, әлеуметтік тіршілік иесі болып саналады.

XX ғасырдың басында И. И. Мечников айтқандай, «…адамдардың пайда болуы туралы теория өте маңызды ғылыми негізі бар теориялардың қатарына жатуы мүмкін». Адам жануарлар дүниесімен жан-тәнімен тығыз байланысты болуына сәйкес, оның да биологиялық тарихы бар. Бірақ, адамның жануарлардан сапа жағынан үлкен айырмашылығы бар. Бұл айырмашылық, адам қоғамының даму тарихында әлеуметтік факторлардың әсерінен пайда болатын үрдіс болып саналады.

Адамның тұқымқуалаушылық қасиеті эволюцияның біртіндеп және ұзақ уақыт аралығындағы дамуының нәтижесінде қалыптасқан. Адамның тікелей арғы тегі эволюцияның негізі генетикалық бағдарламаға сәйкес морфофизиологиялық құрылымы мен «еңбек түйсігі» арасындағы қарама-қайшылықтарға толы болды. Бұл қайшылықтар табиғи сұрыптаудың нәтижесінде шешімін тауып алғашқы кезде олардың алдыңғы аяқтары өзгерді, одан кейін мидың үлкен ми сыңарларының қыртыстары дамыды және ең соңында сана-сезімі жетілді. Бұл атап айтқанда, бірінші әрі гендердің құрамындағы арнайы гендердің және реттегіш-гендердің жіктеліп мамандала түсуі әрі алғашқы әрі шешуші қадам болды, өйткені сана-сезім адамның пайда болуын және қалыптасуын қамтамасыз етті.

Одан кейінгі кезеңдерде адамның биологиялық дамуы бәсеңдей түсті. Өйткені сана-сезімнің пайда болуы қоршаған ортаға бейімделуінде жаңа жолдар мен мүмкіндіктерге ие болды, ол табиғи сұрыпталудан ауытқуына мүмкіндік берді, қорытындысында биологиялық даму әлеуметтік дамуға және жетілуге әкеп, К. А. Тимирязев өз кезінде байқағандай, адамның биологиялық эволюциясы оның тарих беттерінің жойыла бастауына әсер етті. Қорыта айтқанда, қазіргі адам өзінің геніне және ортаның өніміне айналды. Адам табиғаттан бөліне бастағанмен онымен жэне барлық тіршілікпен тығыз байланыста болып қалды.

Антропогонез туралы ілім ғылыми тұрғы да нәсілдердің шығу туралы ілімімен (нәсілдікті зерттейді) тығыз байланысты. Нәсілтанудың ғылыми маңыздылығымен бірге нәсілдердің шығу туралы ғылыми көзқарастарды бұрмалап, оның негізінде жоғарғы және төменгі нәсілдер деген кертартпалық көзқарастардың бар екендігі байқалады.

эволюция человека

Leave a Comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.