iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Абылай хан слайд қазақша

Бұл мәлімет 1 851 рет қаралды

Бұл слайд қазақ халқының ұлы ханы — Абылай хан туралы болмақ. Абылай бейнесі XIX ғасырда жаңа тарихи жырларға, өлең-дастандарға өзек болды. XX ғасырдың 20-30 жылдарында Абылай бейнесін көркем дастанда С. Сейфуллин, М. Жұмабаев, Ә. Тәңірбергенов сомдады. Бұдан кейін әдебиетімізде Абылай ханды сомдау қиын да күрделі мәселеге айналды. Абылайдың І. Есенберлин жасаған тарихи бейнесіне дейінгі жол ұзақ, ауыр да азапты, бұралаң-бұлтарысты болды. Бодандық бұғауында ұстаған кеңестік саясат ұлттық тарихымызды қатал идеология шеңгелінен шығармады.

1944 жылы бір топ кеңестік тарихшы ғалымдар М. Әбдіхалықов пен А. Панкратова редакциясымен шыққан «Қазақ ССР тарихы көне заманнан бүгінгі күнге дейін» кітабын сынға алып, Абылай саясаты «қазаққа кеселден басқа ештеңе әкелмеді» деген терістүсініктен Абылай, Кенесары жайлы айыптау толастамады.

Алла қазаққа Абылайды берді. Ел тағдыры тұрлаусыз, сол бір сұрапыл, жойқын дәуірді Абылайсыз елестетіп көріңіз. Қандай күй кешер еді халық? Сол тұста тарихи дәуірге Алла әмірімен халықтың зар, тілегіне, бағына Абылай дүниеге келді. Жойқын ұрыстағы жекпе-жекте батырлығымен танылып, бірте-бірте ел көзіне түсіп, Орта жүздің сұлтандығына сайланған жас қаһарман алдында бір жүздің емес, бір халықтың тағдыры тұрды.

Ш. Уәлиханов еңбектері Абылай заманынан бірқатар мағлұматтар береді. Мысалы қазақтар ақ патша атаған Екатерина II Сібір генерал поручигі Шпрингерге жолдаған жарлығында «Абылай сұлтанның орыс шекара әскерлеріне шапқыншылық жасау ниеті барын, оған бір тұрақты эскадронның зеңбірегімен қарсы түра алмайтындығын, қазақтар тарапынан әлдебір дұшпандық әрекет жасалса қосымша бірнеше эскадронды зеңбірекпен жедел жөнелтіп, оларды дереу талқандау қатаң тапсырылған». Жарлық 1769 жылғы 8 қыркүйекге Санкт-Петербургте бекітілген.

batton

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>