iKaz.kz Қазақстандық ашық мәліметтер порталы

 

 

Абай Құнанбаев өмірбаяны

Бұл мәлімет 4 653 рет қаралды

Абай Құнанбаев осы күнгі Семей облысындағы Шыңғыс тауын жайлаған Тобықты руынын ішінде 1845 жылы туған. Абайдың өз әкесі — Құнанбай, атасы — Өскембай, арғы атасы — Ырғызбай. Аталарының барлығы да ру ішінде үстемдік жүргізген адамдар. Ақынның бұлардан арғы аталары Айдос. Олжай болады. Олжайдың үш ұлы: Айдос, Қайдос, Жігітек. Тобықтының атақты жуан биі Кеңгірбай — осы Жігітектің баласы, Қайдостан Бөкенші, Борсақ тарайды. Айдос өз басы би де, бағлан да болған емес. Қайта момын, жасық адам болғандықтан. оны «Шөккен түйеге міне алмайтын жаман Айдос» дейтін мәтел бар. Осы Айдостың Айпара деген әйелінен төрт ұл туады. Бұлар: Ырғызбай, Көтібақ, Топай, Торғай.

Айпара ер қайраты бар, есті, адуын әйел болған. Өзінде, бір жағынан, тапқыр шешендік, бір жағынан, бақсы құшнаштық, сияқты сәуегейлікте болған. Сол шешесі дәме қылған Ырғызбай өзге туысынан анық артық болып, озып шығып, ортасы дөме қылған жігіт болады. Тобықтының сол күндегі биі Кеңгірбай өзге барлық жас-желеннің ішінен Ырғызбайды сынайды. Ел сөзіне араластырып, баулып жүреді. Ол кез — көп бидің парашыл кезі. «Сыбаға» деп. «жол» деп мол параны бадырайтып алып жатады.

Абай Құнанбаев өмірбаяны. Ырғызбайды баулып өсірген Кеңгірбай өзіне серік етіп жүргенде, сол інісі ертерек өліп калады. Ырғызбайдың өзге бір ерекшелігі — жас кезінде үлкен ас, ұлы дүбір жиында күреске түсетін үлкен балуан болған. Уақытында қазақтың көп руларының арасында зор лақап болып жайылған бір күресі бар. Ол — қазақ, қоқан халықтары жиналған бір аста «Қоңыраулы балуан» деген түйе балуанды жыққаны. Ырғызбайдың бірнеше баласы болған. Олары: Үркер, Мырзатай, Жортар, Өскембай, Өскембай Ырғызбайдың өзге баларының ішіндегі ең артығы болады. Кеңгірбай Ырғызбай өлген соң, оның орнына Өскембайды ұстайды. Бертін келіп, өзі қартая бастаған кезінде өз орнына Өскембайды би етпек болады. Сол күннің жолы бойынша батасын беріп, Өскембайды би қояды.

Абай Құнанбаев өмірбаяны. Өскембай өзінің ел меңгеру әдісінде, ең алдымен, Кеңгірбайдың көпті мезі қылған парақорлық мінезінен бойын қашандау ұстауға тырысқан. Ел ортасында сақталып қалған сөздің бірінде: «Ісің адал болса, Өскембайға бар, арам болса, Ералыға бар» деген сөз бар. Бу да билердегі сатымсақтық, жемқорлық дағдыны көрсетеді. Содан мезі болған. жиренген ел өз сынын өр тұста қатты айтып отырған. Өскембай орта жасқа келгенде, баласы Құнанбай ержетіп, атқа мінген. Құнанбай 1804 жылы туған. Бұның шешесі Зере кісі ренжітпейтін жұмсақ мінезді әйел болған. 1850 жылы 72 жасында Өскембай өледі. Зере ерінен кейін көп жасаған. Ол бертін келіп, тоқсанға жетіп өледі. Мұның ақын болатын немересі — Абайдың бала, бозбала күнінде ауылдың бәрі Зерені «кәрі әже» дейді екен. Кәріліктен құлағы естімейтін болады. Балаларына дұға оқытып үшкірте береді. Сонда өз қолындағы немересі Абай кәрі әжесінің құлағына өлең айтып келіп үшкіреді екен.

Абай Құнанбаев өмірбаяны. Құнанбай жасында әке-шешесі мен өскен ортасынан алған тәрбиеден басқа, оқу тәрбиесін көрмеген. Мұның орайына жас күндегі өмірі, елдің ол кездегі дағдысы бойынша, батырлық, жорықшылық сияқты істерге көбірек ауған. Өзі құрбы жас жігіттердің ішінде мықты, найзагер болып та саналған. Жасында осындай өмірге салынған Құнанбай кесек мінезді, қатты адам болған. Қаттылығы әншейін ағайынға ғана емес, әке-шеше, жанашыр жақынға да бір қалыпта болған сияқты.

Ел билеп іс басқаруға келгенде, Құнанбай әкесінен айлалы болған. Мұның кісілікке толық іліккен кезінде Сібір даласы «1822 жылдағы Сібір қазақтарына арналып шыққан устав» бойынша округке бөлініп, «округтік приказдар» билейтін. Округтің бастығы аға сұлтан, приказдың қалған екі мүшесінің бірі — үкімет чиновнигі (елдің көбі мұны «майыр» дейді). Үшінші мүшесі кіші сұлтан атанады. Осы кезде Құнанбай екі жылдай аға сұлтан болады. Бұрыннан өз орталарынан біреудің болуына көп тілеулес боп жүрген ру жуандары Құнанбайдың аға сұлтан болуын Бөкейханның нәсілі Құсбек, Жамантайдың партиясынан, патша саясатынан дегісі келмей, «Құнанбайдың басының қасиетінен» деп кеткен. Сол кездегі атқамінерлер аузындағы аңызға қарағанда, Құнанбай «қарадан хан болған» деп аталады. Құнанбай бірде Тобықтының старшинасы (ол күнгі болыс есепті), бірде жаңағыдай аға сұлтан болып жүрген кезде басынан талай үлкенді-кішілі уақиғалар атқарған. Ақын Абайдың алдынғы аталарындай емес, Құнанбай жағында ел жадында қалған аңыз әңгіме аса көп. Себебі, Құнанбай өз тұсындағы ел билеушілердің көбінен қатал, салмақты болады. Ақыл-ой да, қажыр-қайрат та, өмір, билік батылдығы да және халыққа батқан қатты кесек іс-кимылдары да бұның атын көпке мәлім еткен.

Оның жайындағы әнгімелерді ақын Абай атына байланыстырмай-ақ, неше алуан ғып ел аңызы көп сақтаған, көпке жайған. Шынында, Құнанбайдың ұзақ өмірі (ол 80 жаска жетіп өлген) қилы-қилы уақиғаға аса бай еді. Өскембайдың өзі барда ел ішін ерте қолға алған Құнанбай ру тартысының зор қақтығысын жасырақ шағында да бірнеше көреді. Ондағы тартыс Тобықтының өз ішіндегі тартысы емес, сырт рулармен тартысы. Мысалы, Құнанбайдың 30 жастағы шағында Өскембай аулын Найман шабады. Найман қолының мықты басшысы Серікбай, көп қол жиып кеп, бекініс алып жатып, бірнеше түн ауыл шауып, жылкыға тиеді. Қатты қимыл соғыста Құнанбай тап ортада өзі жүреді. Найман көп кісі тұтқын қалдырады. Тобықты жылқыны алғызбайды. Бірақ осы соғыста Құнанбай жағынан көп кісі найзаға шаншылып, қатты жарадар болады да, Өскембайдың бір азамат баласы қаза табады. Ол Болсамбек деген асырап алған баласы болатын. Мұны Зере Құнан-баймен бірге бауырына салып өсірген еді.

Абай Құнанбаев өмірбаяны. Найманнан Өскембай аулында тұтқын боп көп азап көрген жандардың ішінде Қожамжар деген ақын да болған. Осы шабуыл, зор пәлені Қожамжар өз уақытында көп өлен еткен. Бұл пәленің арты Қарқаралы приказынын, Аягөз ұлыктарының қатты кіріскен ісі боп, ақыры Омбы ұлығының кеңселеріне шейін барады. Сонғы жылдар табылған архивте Тобықты жағынын барлық жауабын, дауын айтып, бар тартысты басқарып жүрген кісі — би Өскембай емес, әкесі берген тапсырма бойынша, бар тергеу-талқыны өз мойнына алған 30 жасар жігіт Құнанбай болады. Құнанбай аға сұлтан болған уақытында Тобықтыға старшиналыққа өзінің тоқал шешесінен туған Майбасар деген інісін сайлаған. Ел мұны адамшылық. ақыл, мінез жағының қайсысынан болса да елге залалды әкім деп бағалады. Майбасардың содырлы, зорлықшыл кылығының салдарынан Жігітек деген ру, бастығы Бөжей болып, Құнан-байға карсы болады. Бірақ бірде аға сұлтан болып жүрген Құнанбай, әрі сырт елдерге атақты, үкіметке салмақты болып-ақ, Жігітекті де, басқаларды да бойымен басып жыға берген. Сонымен, алғашқы араздық, жаулық кейін ұзақ замандарға созылып кетсе де, Құнанбай тұсындағы алыстың бір буыны Жігітектің жеңілуімен бітеді. Құнанбай Жігітектің он жеті адамын Сібір айдатады. Ол кез патшалық ұлығына қазақ сахарасының жаңа-жаңа бойсұнып келе жатқан кезі болады. Сотталуұ абақтыға жабылуұ айдалу де-гендер ел көрмеген үлкен сұмдық саналатын, дейтін кез еді. Құнанбайдың бұл айдатуы өз өмірін зорлықпен танытпақ болған қаталдығынан еді. Ол сол кезде Тобықты ішінде талай руды жерінен көшіріп, немесе өзіне жақын рубасыларға шұрайлы жер әперіп жүрген. Бөкенші, Борсақты жерінен көшіру, Жуантаяқты, Қарабатырды көшіріп, жерін алу, Көкшені көшірмек болу — бәрі де сол үлкен, көрінеу зорлықтың айғақтары еді. Жігітекпен үлкен араздықта осы жөннен туып, кейін ұлғайған өштікке айналған. Сонымен, Құнанбай «елді қарсыластырмай, қорқытып, жасытып жіберем» деп, көп жанды жер аударған соң, кейінгі көп заманға, көп буынға шейін ұмытылмастық кек, жаулық калады. Бері келе өсіп, іске араласатын жас Абайдың алдында әкесі тастап кеткен осындай зор пәле-зұлымдық, зорлық тұрғанды. Абайдың одан жиреніп, қарсы боп өспесіне шара жоқ еді.

Абай Құнанбаев өмірбаяны. Бір Кұнанбай емес, осы кезде ел ішінде жауласқан күшті жуанның бәрі де бір-бірін ұлық арқылы жер аударып, жазалатып жүреді. Кұнанбайдың өзін де Жігітектер бір шақта жеңермен боп міндетіп барып, қуғын қағазды молайтып. Омбы қаласына шейін тергеуге апарып, әреңге қалған. Ел ішінде кісі соттаудың алды бір қақтығыс емес, талай пәле боп келеді. Оның кей кездері барымта, төбелес, шабуыл және толып жатқан сыяз, тартыс-жұлыс болады. Бейбіт елдің арасын атшабар, стражник сияқты беймаза шолақ әкім кернейді. «Қара қозы жеп, қара елтірі қанқая киіп» дейтін сотқарлар молаяды. Сыяз деген бір ауыр салмақ тағы бар. Ол орнаған жер тың бір обырдын орнағанындай. Ел жуандары бір руға ызғарын өткізем дегенде, сол рудың үстіне сыяз құрады. Халық күшінің ауыр кезінде құрып, әсіресе берекесін кетіреді. Осындай сыяздың бірін Құнанбай Көкше руының ішінде өткізбек болған екен. Мезгіл — кыс, ел қысаң күйде тұрған шақ. Сонда Көкшеден Бектас деген кісі Құнанбайға кеп: «Е-е, Құнанбай, жарқырап жаз шықпаушы ма еді? Күркіреп күн шықпаушы ма еді? Қыстың айы алтау еді, енді сенімен жетеу болды ма?» — депті.

Құнанбай тұсында Тобықты ішінде мұнымен тең түсетін бастас адамдар: Бөжей, Қаратай, Байсал, Сүйіндік, Байдалы, Түсіп сияқты кісілер болған. Мұның көбімен Құнанбай бірде дос, бірде араз боп өтеді. Қатты жұлқысқан кісілері де осы топтың ішінде. Абай Құнанбайдың 41 жасында туған. Құнанбай көп әйелді болған. Үлкен әйелі — қыздай алған Күнке. Бұдан туған баласы Құдайберді. Екінші әйелі — Ұлжан. Ол Құнанбайдың інісі Құттымұхамбетке айттырылған қалыңдық екен. Інісі өлген соң Құнанбай келіннің алған. Бұдан туған балалары: Тәңірберді. Ыбырай (Абай). Ысқақ. Оспан. Үшінші әйелі — Айғыз. Одан Халиолла, Ысмағұл деген балалары болған. «Атадан алтау, анадан төртеу» дейтін Абайдың өлеңінің мәнісі осы. Құнанбайдың төртінші әйелі — Нұрғаным, Бұдан бала болмаған. Абай, жоғарыда айтылғандай, екі шешенің тел бал асы болып жүрген. Кішкене кезінде сырт мінез жағынан аңқау, нанғыш және тентек бала болса керек. Бірақ сол кішкене күнінде өзге балалардан ерекше жері — үйге конған қонақтардың әлдеқалай айтқан ертегі сияқты әнгімелерін құлай тыңдайды. Жай өмірде пысық ширақ емес болғандықтан, ауылдағы үлкендер Құнанбайдың бұл баласынан көп дәме қылмайды.

Абай Құнанбаев өмірбаяны. Абай он жасқа келгенде, әкесі Семей қаласына әкеліп, оқуға берген. Бұдан бұрын қырда да Абай біраз оқыған болады. Семейдегі алғашқы берген молдасы Ғабдұлжаппар деген татар. Артынан бұдан шығарып. Ахмет Риза деген молдаға тапсырған. Екеуі де мешітте имамдық қылады. Және сол мешіттердің жанында медреселер ұстаған. Оқушы шәкіртінің көбі медреседе жатып оқыды. Оку, әрине, ескіше, ылғи дін сабақтары. Соның көбін араб, парсы тілдерінде оқиды. Жалпы медреселерде кейінгі заманға шейін сақталып келген салтқа қарағанда, түркіше оқу жолшыбай ғана оқылатын қосымша оқу болады.

Ұстаз қалпелердің бар бейіл бергендін діңгегі сияқты болған арабша, одан қала берді парсыша. Абай осы медреседе үш жыл оқиды. Өзі тұстас үлкен — кіші балалардың барлығынан сонағұрлым зейінді, ұғымтал және ерекше ықыласты болған. Дәрісте арабша кітапты молдасының бір оқып, бір-ақ рет түрікшеге аударып берген сөздерін кітапқа қарамай, жатқа айтып шыға алатындай зерек болады. Сонымен, дәріс үстінде оқылатын сабақтарды ұғып, білі Абайға өзге балалардан анағұрлым оңай тиген. Көп уақытын да алмаған. Сондықтан барлық артылған уақытты Абай өз бетімен өзі сүйген кітаптарын оқуға жұмсап, көп ізденуге салынады. Өз бетімен оқитыны — шығыс ақындары. Одан соң араб. иран,   шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан,  қисса  сиякты әдебиет мұралары.

Ответить

Ваш email нигде не будет опубликован. Обязательные поля отмечены *

Вы можете использовать HTML теги и атрибуты <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>